Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Bek Аir" жолаушыларға билеттің ақшасы қазір қайтара алмайды - Н.Жұмасұлтанов

AstanaTV
13.01.2020ж. 20:00
1443
"Bek Аir" жолаушыларға билеттің ақшасы қазір қайтара алмайды - Н.Жұмасұлтанов

"Bek Аir" жолаушыларға билеттің ақшасын қазір қайтара алмайды. Бұл туралы әуекомпанияның басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты. Ал әуежайдағы касса алдында кезек күткен халық бұған наразы. Асылбек Данияр жолаушылармен тілдесіп қайтты. 

Астаналық зейнеткер Клара Ахмет, отағасымен бірге "Bek Air"-ден 50 000 теңгеге билет алып, 28 қаңтар күні Ақтауға ұшпақшы. Билетті ол желтоқсанның басында алып қойған. Енді ол әуе билетін басқа компанияға өткізу үшін әуежайға күнде келеді. Бірақ компания қызметкерлері тұшымды жауап бермейді деді. 

Клара АХМЕТ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Call center воопще бермейді ответ. Мыналардың телефондары : "Ваш звонок прослушивается, записывается ...." сосын жоқ та болады. Сосын сылбырап шал екеуміз күнде келіп тұрамыз. Қандай хабар екен деп. Ақшаны қашан қайтаратынын білмеймін. Маған тіпті ақшасы керек емес, маған басқа рейске ауыстыру керек.

15 қаңтарда Қызылордаға ұшуды жоспарлаған Жұмагүл қарияның да жолы болмай тұр. 1 ай бұрын аталған компаниядан билет алып қойған. Басында басқа ұшақтан орын алып береміз деген компания өкілдері , бүгін оған 15-іне ұшатын ұшақтарға орын жоқ депті. 

Жұмагүл, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жарты сағат күттім кассирін, болмады. Жаңа келді әйтеуір Құдайға шүкір. Кесем олар маған айтады: "Енді бұған авиатаға арыз жазыңыз, бізге ешқандай пока ақша қайтар деген нұсқау келген жоқ" + Халықты не былай, ны былай қылу керек қой. Я возврат қылу керек немесе осындай күні келіңдер билеттеріңді тапсырыңдар деп, конкретно. 12-не дейін тоқталады, 13-не дейін тоқталады деп. Бұл не деген масқара халықты сергелдең қылып қойған.

"Bek Air" компаниясының кассирлері де билеттің нақты қашан қайтарылатынын білмейді. 

Ал, басы дауға қалған әуе команияның басшысы болса, жолаушылардың билет ақшасы қазір қайтарылмайды деп кесіп айтты. Жолаушылардың қай уақытқа дейін күтетінін де нақтыламады.

Нұрлан ЖҰМАСҰЛТАНОВ, "BEK AIR" ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің компания ұшу сертификатынан айырылды. Жүйе электронды болғандықтан билетті сата да алмайды, ақшаны да қайтарамайды. Бұл туралы өткен аптада министрлікке хат жолдадық, әзірше жауап келмеді. Сондықтан, жолаушылар күтуге мәжбүр.


"Bek Air" компаниясының басшысы билеттер сатылымда жоқ деп айтқан болатын. Бірақ, бүгін түске дейін БекЭйр өз сайтында билеттерді сатып жатқанын байқадық. Ал түстен кейін бұл қызметке шектеу қойылыпты. Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі болса, "Bek Air" -дің билетін мүлде алмауға шақырады.

А. Данияр