Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қарындасын 6 жыл бойы азаптаған жігіт сотталды

Қарындасын 6 жыл бойы азаптаған жігіт сотталды

Жамбылда алты жыл бойы қарындасын зорлап келген азғынға қатыста сот үкімі шықты. 22 жастағы қаскөйдің кінәсі толық дәлелденіп, енді ол он бес жылын қатаң режимдегі тұрмеде өткізетін болады.

Ләззат ИЛЬЯСОВА, СУДЬЯ:

Расында қыздың көрсетпесі  бойынша үйде ешкім жоқта жасайтын. Әрдайым сол әркетті қайталайтын. Бастапқыда қыз түсінбеген. Өйткені кіші сыныптарда оқыған. Ол қорқытқан, яғни айтсаң айта бер, өзің кінәлі боласың деген.

Бұл сұмдық оқиға жетінші сынып оқитын жеткіншек жүкті болып қалмаған соң анықталған. Қызының аяғы ауыр болып қалғанын анасы байқап, дәрігерге апарады. Сұрақтың астына алған анасына сәбидің әкесі өзінің ағасы екенін айтады. Сотталушы отағасының бірінші некесіндегі жетім өскен ұл екені белгілі болды. Оны асырап алған. Ал айыпталған жігіт оны өзі де білмеген. 13 жастағы жүкті болып қалған қыздың денсаулығы есткеріліп, 21 апталығында түсік жасалған. Сараптамадан кейін шақалақтың әкесі 22 жастаға сотталған азамат екені дәделденген. Бұл жағдай Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылында болған.