Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде мүгедек қызды туысқан ағасы екі жыл бойы зорлап келген

AstanaTV
14.01.2020ж. 20:00
5660
Ақтөбеде  мүгедек қызды туысқан ағасы екі жыл бойы зорлап келген

Ал Ақтөбеде мүгедек бойжеткенді немере ағасы зорлаған. Жәберленушінің анасының айтуынша, бұл қорлық екі жыл бойы жалғасыпты. 28 жастағы қыздың  жақындары бұл сұмдықты жуырда ғана естіп, полицияға шағымданған. Бақыт Рахметова тарқатады.

Бұл егіле жылаған бойжеткеннің анасы. Бетін көрсетпеуді өтінді. Бұл сұмдық жағдайды өздері де тек қыркүйек айында естіген. Өйткені сол туысы үйге келгенде қыз шошып, ол адамды жек көретіндігін білдіріп, қашуды шығарыпты. Кейін сұрастыра келе сұмдық жағдайды анықтаған.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Бірінші айтты. Последние дни 1 августа  2 августа сол біздің үйге келді. Барлығын көрсетті. Қалай істегенін не істегенін бәрін айта алмайды ғой. Көрсетті барлығын. Бірінші августа кухняда стулда силой взял его посадили сделал свое дело.

Бойжеткен туа біткен сал ауруына шалдыққан. Екінші топтың мүгедегі. Күдікке ілінген ағасы қазақы емші екен. Бұл қызды көптен бері емдеп, массаж жасап жүрген көрінеді. Әкесіндей адамға қыздың жақындары толықтай сенген екен.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

По полной жазаланғанын қалаймын. Қалай ол қорлық істеді қызыма қорласын оны да солай. Сіздерден өтінемін әділдік болсын. Соттан неге дело обратно алады олай болмайды.

Бұл қылмыс іс тергеліп сотқа жеткен еді. Бірақ сотта тергеудегі шикіліктер анықталып, қайта тергеуге жолданған.

Айжамал СҮНДЕТ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Ақтөбе қаласы №2 сотына ҚК 120 бабы 2 бөлігі 4 тармағы яғни зорлау фактісі бойынша айыпталған 1966 жылғы туылған азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті. Соттың ағымдағы жылдың 6 қаңтардағы қаулысымен қылмыстық іс прокурорға Қылмыстық процестік заңнаманың бұзушылықтарына байланысты қайтарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Қазіргі таңда тергеуде олқылықтар кеткендіктен іс қайта тергеліп жатыр. Ол қандай кемшіліктер екенін не сот, не прокуратура өкілдері де айтпады. Істің қашан сотқа жететіні де белгісіз. Бір анығы күдіктінің кінәсі дәлелденсе, он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Б. Рахметова