$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына ШҚО сотталушыларынан 590 арыз түскен

AstanaTV
09.10.2017ж. 20:00
2562
«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына ШҚО сотталушыларынан 590 арыз түскен

«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына Өскемен қаласындағы ОВ 156/3 мекемесінен 590 арыз түскен. Партияның қоғамдық қабылдауының меңгерушісі Жұмажан Жүкенов шағымданушылардың көбімен жекелей кездесті. Колониядағы арнайы бөлмеде партиялықтар үш күн бойы қабылдау жүргізді. Бұл шараға прокуратура мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері тартылды. Жазасының үштен екі бөлігін өтеген сотталушылардың дені шартты мерзімінен босату туралы құжатты тапсырғанда, оның қабылданбай қалатынын алға тартты. Ал бір бөлігі денсаулығына байланысты қатаң тәртіпті мейлінше жеңілге ауыстырып беруді сұраған. Сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің әрекетіне қатысты да арыздар болды. Әрбір өтініш мұқият қарастырылып, сотталушыларға заң нормалары түсіндірілді. Жұмажан Жүкенов жазасын өтеушілердің басым бөлігіне құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Кейбір арыздар қайта қарастырылмақ.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдауының меңгерушісі:

Біздің әрбір өтінішіміз нақты қаралу, соған бүгінгі Заңға сәйкес жауап беру. Жауап объективті түрде, дұрыс болуына біз қадағалаймыз, өзіміздің бақылауымызда болады. Оның үстіне, егер де формальды түрде жауап берсе, оны қайтадан біз қараймыз.

Партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалында ипотекалық несиелеу мәселесіне қатысты азаматтарды қабылдау жүргізілді. Шағымданушылардың көбі қарызды өтеу кестесінде проблемаға тап болған. Бірі жұмысынан айрылып қалса, енді бірінің өмірінде қиындықтар туындаған. Тіпті борышының басым бөлігін жауып тастап, бірақ қазір ай сайынғы салымды төлеуге шамасы жетпей сандалып қалғандар да бар. Тұрғындардың сөзінше, 20 жылға берілетін ипотекалық несие жылдар бойғы қалтаның жауына айналған. Өтелмеген қарыздың арты сот немесе баспанадан айрылуға әкеледі. Банк омбудсмені Ерсерік Сиырбаев шара барысында 11 адамды қабылдап, әр мәселені егжей-тегжейлі зерттеуге уәде берді.

Ерсерік Сиырбаев, ҚР банк омбудсмені:

Біздің банк Заңында, несие шартында жазылған ондай жағдай туындап қалса, несие алушы банк омбудсменіне хабарласуға құқығы бар.