Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шымкенттегі жылжымалы зообақтың жұмысы тоқтатылды

AstanaTV
27.01.2020ж. 20:00
2398
Шымкенттегі жылжымалы зообақтың жұмысы тоқтатылды

Шымкентте гастрольдік сапармен жүрген көшпелі зообақтың жұмысы тоқтатылды. Жануарларды қолмен ұстап көруге болатын ресейлік жылжымалы нысан қаладан он күннің ішінде әкетілуі тиіс.

Бағдат ТАСТАНБЕКОВ, САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз оларға қазір 10 күн уақыт бердік. Он күннің ішінде машиналарыңызды шақырып, мына жерден алып кетуін өтініп жаздық кеше. Қазір олардан жауап күтіп отырмын Ресейден. Қазіргі таңда жауып қойдық өтініп, қазір істемей тұрыңыздар. Мен қазір жауып тастайын десем расторгнуть етіп, светін өшіріп тастайтын болсам ішінде жануарлар жаурап қалуы мүмкін.

Көшпелі зообақтағы жан-жануарлардың аянышты халін өткен жаңалықтарымызда көрсеткенбіз. Мәселені еріктілер көтерген болатын. Олар маймыл, қоян, қолтырауын сынды жиырмадан астам тіршілік иелерін тар қапаста күнұзаққа сусыз, азықсыз тұрады деп шу шығарған. Белсенділер тіпті әкімдік пен полицияға арызданып, хайуанаттар бағын жабуды талап етті. Ресейлік топ жергілікті әкімдікті өздерінің бұл сапары жөнінде жергілікті билікті хабардар етпеген. Тек өздері орналасқан ірі сауда орыны қожайындарымен ғана келісім жасасыпты.

А. Төребекқызы