$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Батыс Қазақстанға зымыран қалдығы құлады

AstanaTV
03.02.2020ж. 20:00
1917
Батыс Қазақстанға зымыран қалдығы құлады

Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданынан зымыран сынығы табылды. Мемлекеттік шекарадан үш шақырым жерде құлаған зымыран сынығын шекарашылар тауып алыпты. Бөкей Ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов бұл бөлшек зымыранның жанармай бөшкесі болуы мүмкін дейді. Шенеуніктің сөзінше, ешкім зардап шекпеген әрі сол күні ресейліктер оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізген көрінеді. Бірақ бұл туралы тұрғындарды ескертпейді. Айта кетелік, ресейлік «Капустин Яр» әскери-сынақ полигоны Бөкей Ордасы мен Жаңақала ауданында орналасқан. Сондықтан елді мекен аумағынан түрлі зымыран сынықтары табылып тұрады.

Нұрлан РАХЫМЖАНОВ, БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Оны ештеме істеген жоқпыз. Біз оны актировать еттік. Россияның военныйлары алып кетті. Деревяный фрагмент қой ол, бамбуковый изоляция. Учениелерді ескертпейді. Потому что полигондары біздің территорияда ғой. Біздің территорияда полигоны бар ғой. Сонда құлап тұр ғой. Ондай ештеме жоқ, кішкене ажиотаж боп кеткен сияқты.

Е. Карин





orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах