Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 123 адам ауруханаға жатқызылған, - Д.Ахметшәріп

AstanaTV
07.02.2020ж. 20:24
3333
Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 123 адам ауруханаға жатқызылған, - Д.Ахметшәріп

Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 31 адам ауруханада жатыр.  Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сонымен қатар, індет тараған Уханьнан келген 83 студенттің жағдайлары жақсы екенін жеткізді. Олар денсаулығына шағым айтпаған.

Диас АХМЕТШӘРІП, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Уханьнан Түменге 3 адам және Ташкентке 5 адам эвакуацияланған Қазақстан азаматтарының жағдайы жақсы. Дене қызуы көтерілмеген, ЖРВИ белігілері байқалмаған. Олардың денсаулықтарына ешқандай шағымы жоқ. Ол Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тұрақты бақылануда. Карантин 16 ақпанға дейін созылады.

Дүниежүзі бойынша коронавирустан 636 адам өмірден озды. Қытай Халық Республикасының денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, 32 мыңға жуық адам вирусты жұқтырған, оның 5000-дайы ауыр жағдайда жатыр. Еске сала кетсем, короновирустық жаңа түріне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялаған болатын.

А. Данияр