Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысындағы ауылдар ауыз судың азабын тартып отыр

AstanaTV
18.02.2020ж. 20:00
2953
Жамбыл облысындағы ауылдар ауыз судың азабын тартып отыр

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында қос ауыл ауыз судың азабын тартып отыр. Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындардың күні жалғыз құдыққа қарап қалған. Бір шелек су алу үшін сағаттап кезекте тұрып, жаға жыртысып жүргендеріне жарты ғасырға жуықтапты. Аудан атқамінерлері жағдайдан хабардар болғанымен, оны шешуге құлықсыз. Алыстағы ағайынның мәселесі тілшіміздің бейнематериалында.

Сөгеті мен Мамай ауылдары тұрғындарының таң сәріден басталатын тіршілігі осындай. Ауыз су мотордың мүмкіндігіне қарай күніне 1-ақ сағат беріледі. Сондықтанда жаға жыртысу үйреншікті жайтқа айналған. Қанша әкім келіп- кеткенімен, бұл  мәселе шешілер емес дейді бұқара.

БЛИЦ:

- Мал да ит те барлығы осы жерден ішеді ауылдың су ауыз су. 

- Әкімдік өкілдері қандай да бір уәде беріп отыр ма?

- Болады дейді 5 жылда 6 жылда ма бір болады дейді. Білмейміз, ой оның қашан болатынын.

- Күніне 1 сағатқа ашылады үлгерсең алып қалдың, үлгермесең келесі күнге дейін сусыз отырасың. 3-4 жыл бұрын аудан әкім 20 -жылы келеді деген су, бірақ күтіп жүрміз әлі жоқ.


Ауылдықтар бір құдыққа қарамай әр аулаға құдық қаздырғысы- ақ келеді. Ал ол мүмкін емес дейді. Себебі, бұл елді мекендер тау етегінде орналасқандықтан жер асты суы 150 метр тереңдікте жатыр. 500-ге жуық тұрғыны бар екі елді-мекен талай рет аудандық жиындарға да қатысып, атқамінерлерден көмек сұрапты. 

Руслан ОРАЗХАН, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халық санымен ауылдардың бәрін, өзіміз бірінші үлкен ауылдарды суландырып, содан кейін кіші ауылдар. Сөгеті бізде кіші ауылдардың есебінде. Бірақ енді біз республикаға берген жоспарымызда, Сөгеті 24-жыл, Жалпақсазды 25-жылы дайындаймыз деп отырмыз.

Тұрар Рысқұлов ауданында ауыз суға жарымай отырған ауылдар мұнымен бітпейді. Дәл осындай күй кешіп отырған тоғыз ауыл бар екен. Оның жетеуінің мәселесі алдағы екі жылда шешіліп қалады дейді жауаптылар.

Б. Жұмабайұлы