Шымкенттегі пәтерлердің бірінен екі ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы жағдай бүгін түнде орталық көшелердің біріндегі үйде болған. Марқұм болғандар бір-біріне туыс болып келеді. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті таңертең оларды әскери қызметшілер деген ақпарат таратқан еді. Кейіннен оның біреуі сарбаз, екіншісі - саудагер екенін нақтылады. Қазір олардың неден қайтыс болғаны анықталып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлерінің хабарлауынша, екі жігіт газдан уланып, қайтыс болуы мүмкін деді.
Бауыржан ІЗБАСАРОВА, ШЫМКЕНТ қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Болжамы енді, үйді жылыту мақсатында газ плитаны қолданған. Газ берудің үздіксіз салдарынан ба, неден қайтыс болғанын енді сараптама қорытындысынан белгілі болады. Газды не себепті қосқаны әзірге белгісіз. Бірақ барған кезде, газ плитаның газы қосылып тұрған еді. Бөлмеде газдың иесі толып қалған еді.
А. Мүтәлі