Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оралдықтардан 13 миллион теңге олжалаған ломбард директоры ұсталды

AstanaTV
24.02.2020ж. 20:00
2359
Оралдықтардан 13 миллион теңге олжалаған ломбард директоры ұсталды

Оралда «Гарант 24 Ломбард» компаниясы филиалының аймақтық директоры ұсталды. Ол екі тұрғынның 13 миллион 500 мың теңгесін олжалап, тақырға отырғызып кеткен. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті осындай ақпарат таратты.

Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПД ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:


Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЖШС филиалының аймақтық директоры 1980 жылы туған БҚО тұрғыны анықталып, ұсталды.


Әзірге күдіктінің үстінен тек екі адам ғана шағымданыпты. Полиция алаяқтардың арбауына түспеуді азаматтарға ескертеді. Дегенмен ақшасынан дәл осылай айрылғандардың құзырлы органға шағымдануына болады. Айта кетелік, дәл осындай күдікпен «Гарант 24 Ломбард» компаниясының Павлодар, Ақтау, Тараз, Қарағанды мен Алматы қалаларындағы филиалдарының директорлары да жаппай ұсталып, қамауға алынған. Халықтың қыруар ақшасын жинап, дауға қалған ломбардтар эстрада жұлдыздарын да жерге қаратты. Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қаржы ұйымын жарнамалап, ұятқа қалған өнер иелерінің бұл ісі дұрыс емес деді. Министр бұл мәселе заң шеңберінде шешілуі тиіс дейді.

Е. Карин