Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Теміржол бойына жер үсті өткелі қажет, - Аса ауылының тұрғындары

AstanaTV
02.03.2020ж. 20:00
2596
Теміржол бойына жер үсті өткелі қажет, - Аса ауылының тұрғындары

Жамбыл облысы Аса ауылының тұрғындары теміржолдың үстінен өткел салып беруді  сұрайды. «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауын келгендер осыны жеткізді. Айтуларынша, 12 мың тұрғыны бар елді-мекенді пойыз жолы бөліп өтеді.  Балалар мектепке, ал науқастар ауруханаға жету үшін өз бастарын қатерге тігуге мәжбүр. Осылай деген олар ауылда қайғылы жағдайдың да жиілеген айтып отыр.

Азаматтарды қабылдаған премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бұл жағдайды өз бақылауына алатынын уәде етті. Бұдан бөлек, қоғамдық қабылдауға басқа да аймақ тұрғындары келді. Көпшілігі жылдар бойы уәде етіп келген жол, сумен қамту, жарық мәселелерінің шешілмей келе жатқанын жеткізген.

Сайранбек БАРМАҚОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аудандық акиматтық күшімен, жобалық-сметалық жұмыстар дайындалып жатыр. Ол дайындалғанымен, болашақта өздерінің өтініштерімен болашақта жасайтын жұмыстары бойынша біз әрі қарай жоспарлар құрып, әрі қарай қозғалатын боламыз.

А. Мүтәлі