Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте жер асты құбырындағы ақаудан көп балалы ана далада қаламын ба деп қорқады

AstanaTV
02.03.2020ж. 20:00
1864
Шымкентте жер асты құбырындағы ақаудан көп балалы ана далада қаламын ба деп қорқады

Шымкентте су жүйесіндегі ақаудан бір отбасы баспанасыз қалатын түрі бар. Сәуле шағын ауданының тұрғыны Қарлығаш Жақаева әр таңды үреймен атырып жүр. Айтуынша жер астына жиналған судан үйінің іргетасы ажырап қана қоймай, едені күннен күнге шіри бастаған. Алты баланың анасы әупірімдеп салған баспанасының қабырғасы былтырдан бері сөгіле бастаған байқаған. Оған үйінің астына жиналған су себеп болды деді. Абдыраған ана тіпті кімді кінәларын білмейді. Өйткені суға жауаптылар да, әкімдіктегілер де судан таза, сүттен ақ көрінеді.

Қарлығаш ЖАҚАЕВА, СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір ай екі ай аққан жердің астына. Оның бәрі біздің үй сай болғаннан кейін тесік тапқан шығар енді, қайда кетерін білмей жердің астында ғой, екі метр тереңдікте, ол былай қарай аға берген, аға бергенде мынаның бәрін астын су алған. Әкімдердің жауабы вообще маған көңіліме қонбайды. Айтады сен көршіңмен азаматтық түрде шешіп ал дейді.

Суға жауаптылар кінәні расында да тұрғындардың өзіне артып отыр. Мамандардың сөзінше бұл көшенің халқы көпшілікпен бірге ескі құбырды уақытылы ауыстырмаған. 

Ғалымжан БӨБЕЕВ, ШЫМКЕНТ қ. «СУ РЕСУРСТАРЫ- МАРКЕТИНГ» ЖШС УЧАСКЕ БАСШЫСЫ:

Бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Өзі шектеуіміз бар, жәшік бар, жәшіктен винтельден кейін абоненттікі, есептеуіш бәрі абонеттікі, бәрі абоненттің құбырынан кеткен 28 А деген. Бұл жерде абоненттердің де кінәсі бар, сол кезде істеп көршілердің бәрі көрген. Неғып өздері қабылдап, бізге айтпаған. Жалғыз бізді кінәлайтындай ештеңесі жоқ.

А. Төребекқызы