Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сенімгерлік басқаруға берілген колледжден шу шықты

AstanaTV
06.03.2020ж. 20:00
3818
Сенімгерлік басқаруға берілген колледжден шу шықты

Сенімгерлік басқаруға берілген Түркістан облысына қарасты колледждің бірінде бүгін шу шықты. Шымкентте орналасқан кәсіби мамандарды даярлайтын оқу орнының ұжымы, жаңа қожайын келгелі күніміз қараң деді. Ал жаңа басшылық мұның бәрі жала деп ақталды. Тараптардың пікірін тыңдап қайтқан әріптесім Айзада Төребекқызын тарқатсын.

Сабақ уақытында залға жиылып шуласқандар Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің ұжымы. Оқу орнының педагогтары бір айдан астам уақыттан бері кемеріне жеткен мәселесін білім басқармасы өкілінің алдында ақтарып жатыр. Біршама уақытқа коледжде дәріс те үзіліп қалды. Талаптары қаңтардан бері сенімгерлік басқаруға берілген кәсіптік білім беру ордасын мемлекетке қайтарсын деді. 

Педагогтардың айтуынша ақпаннан бері ұжымда маза қашқан. Сабақ өту мүмкін емес, жасалған қысымнан оншақты кадр қызметтен кетуге мәжбүр болды дейді. Тіпті балаларды кәсіпке баулитын құрал-саймандарды да ұрланды деп сатып жіберді дегенді айтты. 

Мұхтар ӘБДІҚҰЛОВ, АҒА ШЕБЕР:

Істеп тұрған оборудование ЗИЛ машинасының задний мосты, передний мосты, двигателі, стартері, рулевой колонкасының бәрін алды да металломға өткізіп, қағаз алдық, ақша жоқ. Крупная компания «Дала контракшн» ақшасы көп, бізді жарылтамыз дейді, ал на самом деле біз қағаз сатып алып жатырмыз, пищущая бумага сатып алып жатырмыз.

Жаңа басшылыққа ұжым түгелімен қарсымыз деді. Студенттердің стипендиясы да шектелгенін айтты. Жаңа директордың педагогикалық білімі жоқ, жұмыстан тыс уақытта да талабы таусылмай кетті деп шуласты жиылғандар.
 
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ұжымның тағы бір шағымы - студенттердің ыстық тамақ мәселесі. Наурыз айы басталғалы балалар тегін астан қағылыпты. Осындағы оқытушылардың сөзіне сүйенсем асхана бөгде біреуге жалға берілген, яғни ақшасы бары сатып ішеді. Ал бүгін неге екені белгісіз бұл асхана жабық тұр.

Ал басы дауға қалған Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты колледжді қазір басқарып отырған директордың тілшілерге айтары тым қысқа болды.
 
Колледжі сенімгерлік басқаруға алған «Дала контракшн» компаниясының өкілі бәрін  теріске шығарды. Қазір студенттердің нәбәрі 60 пайызы оқып жатыр. Ал колледждің материалдық-техникалық базасы, құжаттағымен мүлдем сай келмейді деді.
 
Берік КЕНЖЕБАЕВ, «ДАЛА КОНТРАКШН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Дизайнер мамандықта оқып жатқан балалар компьютері жоқ. Олар қағазбен суретін салып жатыр немесе бір топ бар 1 ноутбук 25 балаға. Біз мемлекеттен ол колледжді алған кезде акт прием передачамен кейбір заттар қағазда бар, нақты қарасақ жоқ.

Айта кетейін, аймақта үш бірдей колледж сенімгерлік басқаруға берілген. Өзгелері тып-тыныш деген  білім басқармасының өкілі мұның бәрі әдейі ұйымдастырылған ба деп қалды.

Рахия АСАНОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Құзырлы жауапты органдардың бәрі бұл мәселені қарайды объективный, субъективный жағын. Мүмкін ішінде дайындалған мәселелер де болуы мүмкін, дұрыс па?... -әдейі ма? - иә, әдейі дайындалған мәселелер де болуы мүмкін. Заңның аясында жұмыс жасаймыз.

Алайда, сенімгерлік басқарудан сенім жоғалды деп шуласқан ұжым бәрібір мемлекет меншігіне алуды талап ететін боламыз деп тарқасты.

 А. Төребекқызы