$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Батыс Қазақстан облысында бағаны бақылайтын шұғыл штаб құрылды

AstanaTV
10.03.2020ж. 20:00
2581
Батыс Қазақстан облысында бағаны бақылайтын шұғыл штаб құрылды

Батыс Қазақстан облысындағы бағаны, енді шұғыл әрекет штабы бақылайды. Бұл штаб- халықты, мұнай бағасының арзандауы мен доллардың қымбаттауы секілді, жағымсыз құбылыстардан қорғауды өз міндетіне алған. Әлеуметтік маңызға ие тауарлар қымбаттамау үшін, мониторинг жүргізетін штаб, жыл соңына дейін жұмыс істейді. Шенеуніктер тұрғындарды осылай жұбатқанымен, қала базарларындағы баға тұрақты емес. Саудагерлер азық-түлік бағасының әлі өзгеретінін жасырмайды. Өйткені көкөністер мен жеміс-жидек-  Ресей мен Польшадан тасымалданады. 

Мирлан НҰРПЕКЕЕВ, САТУШЫ:

Әзірге біз бұрынғы алған бағамен сатып жатырмыз. Бірақ поставщиктердің ескертуі бойынша екі күннен кейін 20 пайызға көтеріледі деген әңгіме бар. Соған байланысты бізде цена әзірге көтерілген жоқ. Бірақ бір-екі болады жоғары цена.

Флюса ИСКАКОВА, САТУШЫ:

Қазір помидордың бағасы 950-1000 теңге болып жатыр. Ол көбінесе халық ала алмайды. Бүгін 1-2 келіден алып жатса, қазір 2-3 штуктан алады. сол қияр, помидор қымбаттап жатыр. Енді виноград импортный болған соң, сол қымбатқа түсіп жатыр.

Ал шенеуніктердің сөзінше, өңірде әлеуметтік тауарлар қоры жеткілікті. Оның бағасы негізсіз өссе, тұрғындар «109» жедел ақпарат орталығына хабарласып, шағымдана алады. Уағдаластықты бұзғандарға- әкімдік шұғыл шара қолданады. 

Мұхтар МАНКЕЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлеуметтік тауарлардың қайсысының бағасы өссе, соны алдын-ала сатып алып, соны нарыққа жеткізіп жатырмыз. Жиырмадан астам өзіміздің павильондарымыз бар. Макарондар болсын, ұн болсын, нанның бағасын ұстайтын ұндарды солардың бәріне жеткізіп жатырмыз.

Е. Карин