Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Франция өз аумағына британдықтарды жібермей жатыр

AstanaTV
18.03.2020ж. 20:00
2027
Франция өз аумағына британдықтарды жібермей жатыр

Жер жаһанды дүрліктірген коронавирус айыр қалпақты ағайынға да жетті. Бүгін Қырғыз елінде алғашқы індет жұқтырғандар тіркелді. Үшеуі де Сауд Арабиясынан келген. Ел билігі Жалал-Абад облысының бір ауданына төтенше жағдай енгізді. Соңғы деректер бойынша әлемде аталған вирусты жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты. Карантин жағдайы Франция мен Ұлыбритания арасында кикілжің туғызғанға ұқсайды. Француз билігі ел ішінде адамдардың жүріп тұруына шектеу қойды. Бұқаралық жиындарға қатаң тыйым салды. Еуроодақ сыртқы шекараны отыз күнге жабатынын жариялады. Ал, Біріккен королдік Одақтан оңаша шыққан соң, жағдайды бәз қалпында қалдыруға шешім қабылдаған. Мұнда мектептер мен жоғары оқу орындар жабылған жоқ. Бұқаралық іс шараларға тыйым салынбады. Бұл көрші мемлекеттердің көңілін көншітпесе керек.

Эдуар ФИЛИПП, ФРАНЦИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Еуропа аймағындағылардың барлығы эпидемиямен күресу үшін дәйекті тәсілдерді қабылдауы керек. Италия, Франция, Испания бәлкім басқа да мемлекеттер оқшауланып қалуға бел буып отыр. Егер өзге елдер, мәселен Ұлыбритания біз секілді сақтық шараларды қолданбаса, онда бізге британ азаматтарын аумаққа кіргізу,қ абылдау қиын болады.

Британдық ғалымдар тұманды Альбионның тұрғындары коронавирусқа ұжымдық иммунитетті дамыту керек деген сенімде. Айта кетейік індет жұқтырғандар саны Францияда сегіз мыңға жуықтаса, Ұлыбританияда екі мың науқас тіркелген.

З. Санай