$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 239 адам іздестірлуде,- Е.Біртанов

AstanaTV
30.03.2020ж. 20:00
2753
Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 239 адам іздестірлуде,- Е.Біртанов

Қазақстанда коронавирус пандемиясын жұқтырғандардың саны потенциалды түрде өсуде. Науқастардың көпшілігі елде жүріп жұқтырғандар. Қазір сырқаттанып жатқан 8 адамның жағдайы ауыр. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Дертке шалдыққандармен 7000-нан астам азамат  байланыста болған. Оның  239-ы іздестірлуде. Тақырыпты әріптесім Асылбек  Данияр толықтырады.

"Тәж" вирусын жұқтырғандар саны 302-ге жетті. Топ басында 168 науқас тіркелген Нұр-Сұлтан. Екінші сатыдан Алматы, онда - 73 науқас. Қарағанды облысында - 13, Атырау облысында - 12. Мұнан соң Ақмола, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары бұл тізімді жалғастырады. Қуантарлығы ауруханда ем қабылдағандардың 21-і дерттен айығып шыққан.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Стационарда карантинде жатқан 1552 адам науқастармен тығыз байланыста болған. Қазір олардың жағдайын дәрігерлер бақылауда ұстап отыр. Ауру жұқтырған 131 азамат елде жүріп жұқтырған. Қалай екені әзірге белгісіз. Жұқпалы аурулар аурханасындағы 8 адамның жағдайы нашар. Тағы 4 адам өкпені желдету құрылғысына қосылған.

Алматыда қазір аурудың 24 ошағы белгілі. Бұған дейін коронавирустан қайтыс болған адаммен байланыста болған мегаполисттің 6 тұрғыны оқшауланған болатын. Бүгін олардың 1-еуі кеселді жұқтырғаны белгілі болды.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 11 жастағы бала бар. Қазір ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында  әкесімен бірге жатыр. Қазіргі кезде ауырып жатқандардың жағдайы 58 науқаста - қанағаттанарлық, 1 ересек науқаста - ауыр, 6 ересек адамда - орташа ауырлықта және 1 балада - орташа ауырлықта, біртіндеп жақсы боп келеді.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 пандемиясымен күресіп жатқан ақ халаттыларға көмек көрсету туралы тапсырма берген еді. Бүгін Үкімет басшысымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында осы мәселе қаралды. Олар жұмысының қауіптілігіне қарай 3 категория бойынша дәрігерлерге төлем жасауды ұйғарды. Берілетін төлем 3 топ бойынша 380 000 теңге мен 1 000 000 теңге аралығында болмақ.

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:


Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыры мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда 2 000 000 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, егер медициналық қызметкерлер қайтыс болған жағдайда 10 000 000 теңге мөлшерінде төлемақы беріледі.

Бүгіннен бастап вируспен күресу үшін ауруханада қалған барлық медицина қызметкерлеріне қаржылық қолдау пакеті тапсырылады. Елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен осыны жеткізді. Науқастармен жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге қонақ үйден орын беріліп, ыстық тамақпен қамыталуда. Оларды тасмалдау үшін 50-ден астам көлік жұмылдырылған. Одан бөлек ЖРВИ белгілері бар науқастардың барлығы №2 қалалық емханаға орналастырылмақ.

Бахтияр МАКЕН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

25 наурыздан бастап елорда волонтерлері медициналық  қызметкерлермен бірлесіп диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтарға дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізуде. Тегін медициналық көмекті кепілді көлемі аясында диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалыққан науқастарға да, жүкті әйелдер, жасы 65-тен асқан азаматтар да маскамен толық қамтылуда.

Қалада індеттің таралуын болдырмау үшін залалсыздандыру жұмыстары сағат сайын жүргізіуде. Оған 450-ден астам арнайы маман тартылған. Ел басына түскен қысыл-таян сәтте жұмысынан айырылғандарға бүгіннен бастап 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілуде.

А. Данияр