$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордада қамауда отырғандар туыстарымен Skype желісі арқылы жүздесуге көшті

AstanaTV
30.03.2020ж. 20:00
2912
Қызылордада қамауда отырғандар туыстарымен Skype желісі арқылы жүздесуге көшті

Қызылордада 600 жуық сотталған, туыстарымен Skype желісі арқылы жүздесуде. ЗК 169-да 5 тузеу мекемесі мұны елде төтенше жағдай енгізілуімен түсіндірді.
Қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау шаралары бірінші кезекте екенін айтты.

Сыр бойында жаман індет тіркелгелі, қала тұрғыны Сәбира апа ұйқысынан айрылдым дейді. Әсіресе, түзету колониясында жатқан ұлының жағдайына алаңдайды.  Бүгін баласының амандығын көрген ананың көңілі тынышталды. Маңдайынан сипай алмасада, өз көзімен көргеніне риза.

Сәбира, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осындай баламызды кездестіріп, скайппен сөйлестіріп жатыр, сағанышымыз басылып, баламызбен сөйлесіп, кетіп бара жатырмыз. Бәріне рахмет деймін.

Колонияда бұған дейін туыстарымен кездесуге екі күн беріліп келсе, енді оның орнына екі сағат "Скайппен" жүздесуге жағдай жасалды. Сотталғандардың жақындары осыған да шүкір дейді. Ал, мекемеде қауіпсіздік шаралары ескерілген, келушілер жіті тексеріліп, бетперделермен қамтамасыз етілуде. 

Жалғасбай ЕСМАХАНОВ, ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ «ЗК 169/5 МЕКЕМЕСІ» РММ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Азаматтардың және олардың туыстарының денсаулығын сақтау мақсатында қазіргі таңда қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар сотталғандар мен туыстарының әлеуметтік байланысын жоғалтпау мақсатында әрбір сотталған азамат өзінің кезектілігіне, яғни реттілігіне сәйкес туыстарымен кездеседі бейне байланыс жүйесі арқылы.

Айтпақшы, бетперде жетіспеушілігін жою үшін, мұндағылар оны тігуді де қолға алған. Тәулігіне екі мыңдай дана шығарып жатыр. Тіпті, тапсырыста қабылдауда. Мысалы, қазір полиция департаментіне 30 мың данасын дайындау үстінде.

Ш. Сактапова