Алматыда COVID-19 жұқпалы дертін жұқтырғандардың саны соңғы тәулікте тоғыз адамға артты. Олардың барлығы шетелден келген. Бесеуі Стамбул-Алматы, Үшеуі Дубайдан және Біреуі Минсктен келген жолаушылар. Жалпы, қалада қазір 75 науқас ем қабылдап жатыр. 66-сының жағдайы қанағаттанарлық. Біреуінің хәлін ауыр және тоғыз адамның жағдайы орташа, деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы. Жаңа тіркелген науқастың бірі облыстық клиникадан қалаға ауыстырылған.
Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жедел респираторлық белгілермен жағдайы нашарлаған әйел Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жүгінген. Оған белгілі бір зерттеулер жүргізіліп нәтижесінде екіжақты төменгі дәрежелі пневмания анықталды. Ковид-19-ға талдаулар алынды, нәтижесі расталды. Отызы күні ол біздің қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
А. Кемелжан