$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Коронавирус салдарынан әлемде 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін

AstanaTV
01.04.2020ж. 20:00
2138
Коронавирус салдарынан әлемде 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Коронавирус салдарынан 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш мәлімдеді. Ол  - Covid-19,  екінші дүниежүзілік соғыстан бері көрмеген кризиске әкеліп соқтырғанын айтады. Бұл қиындықтан да өтуге болады, тек «саяси ойындарды» қоя тұрып ынтымақтастық таныту қажет деді. Осы мақсатта ұйым кедей мемлекеттер үшін арнайы қор ашып, онда қаржы жинауды ұсынды. Дегенмен пандемия әкелетін шығын көлемі миллиард емес триллионнан асатынын мойындайды.

Антониу ГУТТЕРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:

Біз ынтымақтастық танытуымыз керек. Вирусты бірге жеңіп, әділетті әлем құра аламыз. Экономиканы қалпына келтіру барысында халықаралық қоғамдастық инклюзивтік қағидаттарын ескеруі қажет. Сондай-ақ , пандемия, климаттың өзгеруі және басқа да жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұра алатын экономиканы құру керек. 

Ал вирусты жұқтырғандар жайлы мәлімет көңіл көншітпейді. Олардың саны 860 мыңға жеткен. Өлім-жітім де артыпты.

Ә. Өмірзақ