$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үндістан мен Түркиядағы қазақстандықтар елге қайтарылады

AstanaTV
02.04.2020ж. 20:00
2348
Үндістан мен Түркиядағы қазақстандықтар елге қайтарылады

Ертең Стамбул мен Дели қалаларындағы отандастарамыз елге оралады. Оларды эвакуациялауға 2 ұшақ әзірленген. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев мәлім етті. Ол шекара сыртындағы Қазақстан азаматтарын елге қайтару ісімен сыртқы істер министрлігі айналысып жатқанын айтты.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Сыртқы істер министрлігіні қай жерден азаматтарды алып кету керек десе, дереу оларды елге жеткіземіз.

Естеріңізіге сала кетейік, бұған дейін Үндістанда карантинде қалған 76 қазақстандық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған болатын. Аталған елде 15 сәуірге дейін қауіпті індеттің таралуын болдырмау үшін коменданттық сағат енгізілген еді.

Ғ.Өтемісов