Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Президенттік институт Қазақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етті, - Қанат Жұмабаев

AstanaTV
24.04.2020ж. 20:00
1697
Президенттік институт Қазақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етті, - Қанат Жұмабаев

Президенттік институт Қазақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етті. Тұңғыш Президент қорының басшысы Қанат Жұмабаев онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында осылай деді. Бұл шара елдегі президенттік институттың 30 жыл толуына орайластырылыпты. Қор басшысының айтуынша, дәл осы институттың арқасында саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асыруға жағдай жасалды. Сонымен қатар, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолдағы ерен еңбегіне тоқталды.

Қанат ЖҰМАБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Тәуелсіздік алған жылдары Елбасының қатысуымен көптеген маңызды шешім қабылданды. Конституция қабылданып, ұлттық валюта енгізілді, Қарулы күштер жасақталып, ұлттық қор жасалды. Ұлттық қор - болашақ ұрпақ үшін қауіпсіздік кепілі. Көріп отырғанымыздай бұл өте дана шешім.

А. Мүтәлі