$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2900-ге жуықтады,- ҚР ДСМ

AstanaTV
27.04.2020ж. 20:00
2854
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2900-ге жуықтады,- ҚР ДСМ

Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны 2900-ге жуықтады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ауруханада жатқан 15 емделушінің жағдайы ауыр, олар өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Бұдан бөлек әлемде де жағдай тұрақтар емес. Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Елде COVID-19 пандемиясын жұқтыру жағдайы 4,2 пайызға өскен. Оның 820-сы медицина саласының маманы яғни науқастардың 30 пайызын құрап отыр. Министрліктің мәліметінше кеселге шалдыққандармен байланыста болған 48 мыңға жуық адам анықталып 98 пайызы оқшауланған.

Тимур СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДСМ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Коронавирустық инфекциядан емделіп жатқан адамдардың шамамен 5 пайызының денсаулық жағдайы ауыр. Бүгінгі күні 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен қатар, Республика бойынша өсім көресеткіші 4,5-8 пайызға жетті. Жалпы бұл геометриялық прогрессия емес, орташа өсім болып саналады. Бірақ кей өңірлерде өсім 50 пайызға дейін байқалады.

Атыраулық 20 жастағы Айкөркем Көсесова жұқпалы індеттен емделіп шыққандардың бірі. Канаданың жоғары оқу орындарының бірінде 3-курста оқиды. Ол вирусты елге қайтып келе жатқан кезде ұшақта жұқтырған. Айтуынша, ауру симпотсыз өткен.

Айкөркем КӨСЕСОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзімде симптом болмады. Сенуге қиын. Қасымда жатқан адамда құрғақ жөтел болды. Бір ісі дәм. Иіс сезбеді. Басқа ондай болмады. Қызу болмады. 9 күн толысымен денемде қызыл бөртпеер пайда болды. "Саған дәріге аллерия беріп жатқан болар. Сол дәріні тоқтатамыз, ішпей ақ қой",-  деді. Маған система қойды.

Бүгінде аймақта кеселді жұқтырғандар азаймай тұр. Күні бүгін өңірде коронавируспен 123 адам тіркелді. Оның 60-ы «Теңізшевроил» кәсіпорнының мердігер компаниясының жұмысшылары. Жалпы, ел бойынша COVID-19-ды жұқтырғандардың саны - 2900-ға таяды. 720 адам індеттен емделіп шықты. 25 адам қайтыс болды. Ал дүниежүзі бойынша вирусты жұқтырғандар 3 миллионнан асты.

А. Данияр