Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Солтүстік Қазақстан облысында бір реттік 50 мың теңгені берудің екінші толқыны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында бір реттік 50 мың теңгені берудің екінші толқыны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында бір реттік 50 мың теңгені берудің екінші толқыны басталды. Бүгін 5 мың 600 адамның есеп-шотына қаражат түскен. Әлі 2 мың 200-ден аса адам кезекте тұр. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының аймақтағы филиалы хабарлады. Айта кетейін, қазір партияның өңірдегі филиалдары әлеуметтік желі арқылы халыққа онлайн кеңес беруде.

Бүгінде Қызылжар өңірі бойынша 3600-ден астам адам 50 мың теңге көлеміндегі көмекке ие болған. Бұл туралы партиялықтардың әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде белгілі болды.

Әсем РАХМЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ендігі уақытта Петропавл қаласы бойынша 7844 адамға қаржы аударылатынын қуанышпен жеткізгіміз келеді. Дәл қазіргі мәлімет бойынша 5600 адамға олардың шоттарына 50 мың теңгеден аударылды.

Ал Қарағанды облысы бойынша қаржылай көмекке бұл жолы 18 мыңнан астам тұрғын ала алады. Белсенділердің айтуынша, партияның барлық филиалдарында азаматтардың өтініштерін қабылдайтын жедел желі жұмыс істеп тұр.  

Қадиша ОСПАНОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрғындардың тізімін жергілікті әкімдіктер мен әлеуметтік бағдарламалар орталықтары құрып, оны барлық деңгейдегі банктер тексеріп шыққан. Сөйтіп біз осы аптада 50 мың теңгені төлей бастаймыз. Мұнымен қоса мұқтаж азаматтарға арналған қайырымдылық акциялары да жалғасады.

"Nur Otan" партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов те әлеуметті желі арқылы көпшіліктің сұрағына жауап берді. Екі сағатта 1000-нан астам сұрақ түсті. Оның басым бөлігі «Birgemiz» қоғамдық қорынан төленетін төлемдер мен "Біз біргеміз" акциясы аясында болды. Бас қалада құны 127 млн.теңге болатын сегіз жарым мыңға жуық жиынтық таратылған.

А. Құрманкин