Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қаржылай көмек жалғасуда

AstanaTV
27.04.2020ж. 20:00
3951
Қаржылай көмек жалғасуда

Республика аумағында төтенше жағдай жарияланған күннен бастап «Nur Otan» партиясы, алғашқылардың бірі болып елге көмек қолын созып келеді. Елдің бірлігін көрсете отырып барлық аймақта «Біз біргеміз» акциясы қарқын алды. Тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, жалғызілікті және басқа да мұқтаж адамдарға азық түлік себетінен бөлек, қаржылай қолдау да көрсетуде.

Атыраулық көп балалы ана Зергүл Закарина эпидемия басталғалы жағдайлары қиындағанын айтады. Базарда жүк тасушы болып нәпақа тапқан ерінің 75 мың теңге кірісі де тоқтаған. Сондықтан қандай да бір көмек көрсетуді сұрап «Nur otan» партиясының Атырау филиаына өтініш қалдырыпты.
 
Зергүл ЗАКАРИНА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:
 
Қиын кезде «Nur otan»» партиясынан «Біз біргеміз» жобасынан ақшалай көмек алдық.  Бізге осылай қиын кезде «Nur otan» көмек берді. Ол бізге үлкен көмек болды. Карантин уақытында роддомға заттарымды алмап едім, сол заттарымы алдым. Тамағымды алдым.

Қаржылай көмек Тараз қаласының тұрғыны, көп балалы ана Зульфия Сариеваға да бұйырыпты. Жалғыз басты ана бір өзі 8 баланы асырап келеді. Мүмкіндігі шектеулі перзентіне де, ерекше күтім мен қамқорлық қажет болғандықтан, қазіргі қиын кезде кез-келген көмек артық етпейді деді отанасы.
 
Зульфия САРИЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Нұр Отан партиясы мен Назарбаев мырзаға алғысымыз шексіз. Рақмет! Төтенше жағдайда 50 мың түсіріп көмек беріп жатырсыздар Рақмет!

Дәл осындай әлеуметтік көмекке арбаға таңылған Ерлан Сейдәзімде ілігіпті. Ол 50 мың теңге, бір реттік болса да керек-жарағымызға жарады деп отыр. 

Ерлан СЕЙДӘЗІМ, 1 ТОП МҮГЕДЕГІ:

Шотымызға келіп түсті мәнекей Нұр Отаннан біз біргеміз акциясы асында. Карантин жарияланып жұмыссыз отырған кезеңдерде осы 50 мың теңге өте маңызы көп біз үшін. Барып керек жарақтарға азық түлік пен дәрілерге жарататын боламыз.  

Енді республикалық қордан екінші траншпен тағы 464 млн теңге түседі деп күтілуде. Осы қаржыға тоғызыншы мамырға дейін 9295 отбасына 50 мың теңгеден аударылу жоспарланып отыр. 

Б. Жұмабайұлы