Республикалық «Біргеміз» қорынан Алматының әлеуеті аз әлеуметке бөлінген 2 млн. медициналық бетперденің 1 млн. 332 мыңы таратылды. Қалған 667 мың маска осы аптада үлестірілмек. Бүгін Наурызбай ауданындағы тұрғындарға таратылды. Мұнда әлеуметтік санаттағы 2 мың 672 отбасы бар. Олар медициналық маскадан өзге, азық-түлікпен, санитарлық заттармен де қамтылды. Қазір ауданда күніне 400 отбасыға бетперде еріктілер көмегімен жеткізілуде.
Ербол КҮМІСҚОЖАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі таңда осы маскамен 1550 отбасы қамтылды. Бүгінгі күні осы жұмысты күніне тағы 400 отбасыны осы маскалармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл іс шараға біздің Наурызбай аудандық әкімдік және Республикалық отрядпен жасап отырғанның арқасында мүмкін болып отыр.
А. Кемелжан