Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада саяжай тұрғындары "далада қаламыз ба" деп алаңдайды

AstanaTV
02.10.2017ж. 20:00
2668
Астанада саяжай тұрғындары "далада қаламыз ба" деп алаңдайды

Астанада саяжай тұрғындары үйсіз-күйсіз далада қаламыз ба деп алаңдайды. Жеке меншік құрылыс компаниясы олардың үйлерін сүріп тастамақ. Шарасыз адамдар енді билік өкілдерінің бұл мәселеге араласуын сұрап отыр. Алда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. "Қақаған аязда қайда барамыз", - дейді олар.  Саяжай халқының жан айқайын тілшіміз Диана Сапарқызы тындап  қайтты.

Диана Сапарқызы,  тілші:

Үкібаевтар әулетінің мұнда тұрып жатқанына 10 шақты жылдың жүзі болған. "10 соттық жері бар саяжайды бұрынғы қожайынынан сатып алғанбыз, барлық құжаты заңды",- дейді үй иесі. Мамыр айында әлдебір құрылыс компаниясының өкілдері келіп, үйлерінің сүрілетінін айтқан. Содан бері осындағы бірнеше отбасыдан маза қашты.

Шынар Үкібаева, саяжай тұрғыны:

Бізе мына застройщиктар, Фламинго коп деген застройщик уведомление әкелді. 15 сутканың ішінде босатыңыздар, сіздер заңсыз түрде тұрып жатырсыздар деп. Біз мұнда тұрып жатқанымзға 10 жыл болды. Біз айттық, заңды түрде тұрып жатырмыз деп. Шығындар, босатыңдар деп, постоянно угрозы, оскорбления.

Саяжай тұрғындарының бірі Қайсар Үкібаев - 1-ші топтағы мүгедек. Арбаға таңылған азаматқа  жүріп-тұрудың өзі мұң. Айтуынша, құрылыс компаниясы оларды тездетіп бұл жерден көшіру үшін түрлі айла әрекетке баратын көрінеді. Тауы шағылған азамат басындағы қиындықтарды ашына отырып жеткізді. 

Қайсар Үкібаев, саяжай тұрғыны:

Иә бұлар енді конпенсацияны төлемейміз деп отыр. Мысалы, әкімшілік бағаны берді. Осынша ақша төлену керек деп. Бұлар төлемейміз деп отыр. Енді төлесе, бізі көшетін едік. Қазір мына түрімізбен біз қайда барамыз? Мен мына түріммен қайда барам? Мен үкімет тарапынан өтініш сұраймын, осы жағдайға ара түссін деп.

Саяжай тұрғындарының құқықтарын қорғаушы Ләззат Камзенің де уәжін тыңдаған едік.  "Құрылыс компаниясының бұл жерге нысан салуына әкімдік рұқсат берсе де, тұрғындар көшпей тұрып, құрылысты бастауы - заңсыздық", - дейді ол.

Ләззат Қамзе, қорғаушы:

Бұл жерде адамдардың құқығы аяққа тапталды. "Фламинго корп" компаниясы соттың шешімін күтпей, құрылысты бастап кеткен. Үйдің жан-жағын қоршап, шығуға жол қалдырмай отыр. Құрылыс компаниясының өкілдері адамдарды ол жерден тез көшіру үшін барлық айлаға барып жатыр. Тіпті, адамдардың өміріне қауіп төніп тұр десек болады.

Бұл жағдайды Саяжай орнына тұрғын үй кешенің салмақшы құрылыс компаниясының өкілі, заңды тұрғысында әрекет жасап жатқандарымен түсіндіріп отыр. Айтуларынша, дәл осы саяжайдың барлық аймағы Астана қалсының бас жоспарына кіргендіктен, олар жаңа нысанның құрылысын бастауға хақылы. Құрылыс компаниясы өкілдерінің, олар өтемақы ретінде  5000  доллар мен бөліп төлеу әдісмен 1 бөлмелі пәтер ұсынып отыр. Алайда, Үкібаевтар отбасысы оған келіспей отыр. Себебі 1-ші топтағы Қайсар Үкібаевқа ыңғайсыздық тудырады екен. 

Марат Тұрмаханов, құрылыс компаниясы өкілі:

Көп қабатты үй салу үшін барлық мемлекеттік органдардан рұқсат алдық. Астана қаласының құрылыс жоспарына сай, бұл саяжайлардың жері көп қабатты үй салуға арналған. Рұқсат алғаннан кейін, біз оларды күтпейміз ғой. Саяжайларды сүруге бұйрық берілді, біз оны орындауымыз қажет. Біз бұларға әкімдік пен сотқа барып шағым жазсаңыздар болады дедік. Заңдық тұрғыда мәселені шешу үшін.

Диана Сапарқызы, тілші:

Әкімдік қызметкерлері бұл жағдайға қатысты қандай да бір түсінік беруге асықпай отыр. Тұрғындардың ендігі үміті билік өкілдерінде, олар шенеуніктердің осы мәселеге араласуын сұрап отыр. Баспанасыз далада қаламыз ба деп үрейленген саяжай тұрғындарының  енді сотқа жүгінуден өзге амалы жоқ. 

Диана САПАРҚЫЗЫ