Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Ақжарма ауылы екіге бөлінді

Ақжарма ауылы екіге бөлінді

Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Қызылорда облысына қарасты Ақжарма ауылының балабақша меңгерушісі карантин талаптарын орындамағыны үшін жазаланған. Сот айыппұл төлеуге міндеттеген. Бірақ іс мұнымен бітпепті. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар мәселеге араласуымызды сұрады. Айтуларынша, ауыл әкімі балабақша меңгерушісіне қиянат жасауда. Мәселенің мән-жайын біліп қайтқан әріптесім Шарипа Сақтапова тақырыпты тарқатады.

Даудың басы 14-сәуірде басталған. Карантин енгізілуіне орай, балалар үйге босатылғанымен балабақша қызметкерлері жұмысқа шыққан. Оларды жұмысқа шығаруға ауыл әкімі міндеттеді,- дейді мекеме меңгерушісі. 

Ақкенже ШАМШАТОВА, "БҮЛДІРШІН" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Карантинге байланысты бес адамнан артық жиналуға болмайды деген қаулыларды мен әкімге барып айттым. Әкім: қыздарын тегін айлық алмайды, қызметкерлерді екі бөліп таста, азанда 13 адам, түстен кейін 12 адам жұмысқа келеді, тегін айлық алмайсындар, жұмыс жасайсын, әктеп-краскілейсіндер, деп мені қайтарып жіберді. Маған бағынбасаныз, жұмыстан шығарып жіберем деді.


Жөндеу жұмыстарын істеген олар үзіліс жасап, іште шәй ішкен. Бірі сол сәтті "тарихи" деп бағалап, суретке түсірген. Айтуларынша, сол сурет әкімге жетіп, ол "той тойладыңдар" деп айыптаған. Тіпті әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытты дейді олар.

Мырзагүл МАМБЕТОВА, "БҮЛДІРШІН" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ:

Аяқтан шалып тұрған нәрсе бұл.  Мысалы, бірінші апрельде Қалданбек деген ата бар, соның үйінде той болды. Негізі сол тойды айтпайды? Ауыл әкімі ішке де келіп айтып кетті. Осылардын бәрін тазарту керек, осылардың бәрін құрту керек деп тұрып айтты. Сонда не, сол асырай ма бізді, бала-шағамызды?  
 
Ақкенже ШАМШАТОВА, "БҮЛДІРШІН" БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Ауыл әкімі Ерлан Ешмұратов 15 күні маған звондады: Фейсбукке сүретің шығып тұр, салып жібердік, сен жұмыстан кетесін, деді. Сот болды. Сот 15 адамға қаулы шығарды, штраф салды 28 мыңдай. 15 қызметкердің ішінде менде бармын. Штрафпен қалсын деп сот солай шығарды қаулысын. Бірақ әкім келіспей отыр, басқа адам қоямын, менің өзімнің адамдарым бар деп.  

Ауыл әкімі бұл келеңсіздіктің бір ұшы өзіне де таяқ болып тигенін айтады. Бірақ балабақшада сол күні ештеме тойланбағанын мойындайды. 

Ерлан ЕШМҰРАТОВ, АҚЖАРМА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:


14 сәуір күні сол балабақша қызметкерлері іште отырған. Бас қосу емес. Шәй ішкен. Сол әлеуметтік желілерге жарияланған. 3 апрель күні шақырып алып, мен тапсырма бергенмін: бес адамнан артық жиналуға болмайды, күнделікті бес адам шақырылады. Аудандық РОВД бүкіл 15 қызметкер тергеліп, 10 МРП барлықтарына шот арқылы айыппұл салынды.  Маған сөгіс берілді. Аудан әкімі. Конкурсы біз жариялаймыз.

Балабақша меңгерушісі де ауданға шақыртылыпты. Жергілікті атқамінерлер орнын босатуды талап еткен, тіпті бопсалап, қорқыту арқылы арыз жаздыртып алғанын айтады. Аядай ауыл тұрғындары қазір екіге бөлінген. Бірі балабақша меңгерушісін қайтаруды талап етеді. Екіншісі әкімнің ісін жақтайды.

Гүлнарай ИШАН, АҚЖАРМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім күнде садикке апарамын екі немеремді. Бұл Ақкенженің бұған еңбегі сініріп жатқан еңбегі жақсы, басқа бастықтардай емес. Бұл балдар мен бірге жүрді, тәрбиешімен бірге жүрді, ұйықтамаса ұйықтамады. Өтінеміз, үлкен, жоғары жақ осыны тыңдаса екен. 


Тұрғындар бұл іске облыс басшылығы мен заң орындары араласып, істің ақ-қарасын ажыратып берсе дейді.  

Ш. Сактапова