Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда бір тәулікте екі бірдей көлік өртеніп, теміртұлпарлар жарамсыз күйде қалды

AstanaTV
19.05.2020ж. 20:00
2251
Алматыда бір тәулікте екі бірдей көлік өртеніп, теміртұлпарлар жарамсыз күйде қалды

Алматыда бір күнде екі бірдей көлік өртеніп кетті. Бірі жедел-жәрдем көлігі, екіншісі танымал адвокат Айман Омарованың жеке көлігі. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Әсем Лесбектің репортажы.

Бұл бейнежазба кеше кешкі сағат 9-дар шамасында Әл-Фараби даңғылының бойында түсірілген. Әп-сәтте қызыл жалынға оранған темір тұлпар, танымал адвокат Айман Омарованың көлігі болып шықты. Оның айтуынша, жүріп келе жатқан машинаның алдымен тежегіші істен шыққан. Әрең тоқтатқанымда, көлігім жана бастады дейді.

Айман ОМАРОВА, ҚОРҒАУШЫ:


Келе жатқанда 60-70 тен асқанда скорость өзінен өзі көтеріле бастады. Көтеріле берді. Мен оны тоқтата алмадым. Қасымдағы туысқаныма айттым секір деп. Түтінмен өртеніп бара жатыр. Бір уақытта ручник жұмыс істеді. Сөйтіп тоқтап қалды. Аштым да шықтым.


Қорғаушы әйел көлікті жақында ғана тексеру мен жөндеуден өткізген. Сондықтан бұл оқиғаны өзіне қасақана жасалғаны болуы мүмкін дейді. Қазір аталған жағдайға қатысты қалалық полиция өкілдері сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 202- бабы бойынша тіркеліп, қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары басталып кетті. Өрт техникалық сараптама тағайындалғаннан кейін, өрттің нағыз себеп-салдары анықталатын болады.


Осы сәтте қаланың екінші бөлігінде жәдел-жәрдем көлігі де өртке оранды. Абырой болғанда көлікте жүргізушіден басқа жан болмаған. Ол көлікті тоқтатып, өзі шығып үлгеріпті. Оқиға орнына дер кезінде жеткен төтенше жағдай мамандары қызыл жалын, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған деген  болжам жасады. Дегенмен отқа оранға екі көлікте жарамсыз күйге түсті.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Ал танымал адвокат істі соңына дейін жеткіземін деп отыр. Кінәлілер табылып, қатаң жаза қолданылуылын талап етпек. Әсем Лесбек, Әсет Елембаев, Астана телеарнасы Алматыдан.

Ә. Лесбек