Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Алтын алқа", "Күміс алқа" неге берілмей отыр?

AstanaTV
19.05.2020ж. 20:00
6816
"Алтын алқа", "Күміс алқа" неге берілмей отыр?

Түркістан облысы Қарақұм ауылының тұрғындары «Күміс алқа», «Алтын алқаларын» ала алмай отыр. Бүгін редакциямызға 8 балаҒа дейін тәрбиелеп отырған бір топ көп балалы ана осындай шағыммен хабарласты. Айтуларынша, мемлекеттік награданы алуға қажетті құжаттарды өткізгендерінің алдына 3 жылдан асқан. Ашынған аналар бізден көмек сұрайды. Тыңдап, көрейік!

Гүлмира НҰРСЕЙІТ, ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біз ауданға барсақ, сіздердің құжаттарыңызды облысқа өткізіп қойғанбыз дейді.  Одан әрі қарай сол документіміз құжаттарымыз, әлі жоқ. Күміс алқамыз да, алтын алқамыз да ала алмай жатырмыз. Біз оны алсақ, бізге ай сайын берілетін 16 мың ақшаның өзі көмек болар еді.

Мән-жайды анықтау үшін Түркістан облысының атқамінерлеріне шығып көрейік. Дәл қазір байланыста Ордабасы ауданының әкім орынбасары Ғалымжан Ерназаров бар екен. Ғалымжан Бақытжанұлы, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Қарақұм ауылындағы көп балалы аналардың базынасын тыңдадыңыз. 2-3 жылдан бері өздеріне тиесілі алқаларын ала алмауына не себеп? 

Ғалымжан БАЙНАЗАРОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қайырлы кеш! Сұрағыңызға рақмет! Жалпы аудан ішінде, облыс ішінде "Алтын алқалардың", "Күміс алқалардың" алғаны үшін үлкен мәртебе. Үлкен мақтаныш, әрине! Бірақ заңның тәртібі бар. Заңның ережесі бар. Заң тәртібі бойынша, құжаттардың тізімдемесі бар. Тізімдемесі бойынша, азаматтар көбінесе, қате кетуі мүмкін. Немесе толық құжаттарын өткізбеуі мүмкін.

Жақсы. Түсінікті. Енді аудан бойынша «алқаға» қанша адам өтініш тастап еді? Карантин біткен соң, соның қаншасын қамтуды жоспарлап отырсыздар?

Ғалымжан БАЙНАЗАРОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ:


Жалпы бүгінгі таңда, 79 адамның құжаты қазіргі таңда бізде тұр. 42 құжатты Нұр-Сұлтан қаласына өткізген болатынбыз. Ол кісілер осы карантин кезінде осы карантин мерзімі біткен соң, береді деген ойдамыз. 37 құжаты облыс орталығында тізімде тұр. Карантин біткен соң, Құдай қаласа 79 азаматқа "Алтын", "Күміс" алқаларын табыстаймыз деп отырмыз

Сұхбатыңызға рақмет! Көп балалы аналар, өздеріне теисілі марапаттарын алады деп сенейік. Бұл мәселені бізде өз тарапымыздан бақылауға аламыз. Естеріңізге сала кетейін, бізбен тікелей байланыста болған Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ерназаров. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз. Заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болып жатсаңыз, видео немесе аудио жолдауңызға болады.

А. Мүтәлі