Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстанда қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтауға арналған жедел әрекет ету тобы құрылды

AstanaTV
26.05.2020ж. 20:00
2970
Қазақстанда қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтауға арналған жедел әрекет ету тобы құрылды

Елде қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтауға арналған жедел әрекет ету топтары құрылды. Олар балалар мен әйелдер арасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің құрбандарына қол ұшын созу үшін жасақталған. Жобаға әр өңірдің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау қызметтері жұмылдырылып отыр. Шұғыл жасақ енді өңірдегі және қаладағы әрбір тірек пунктерінде жұмыс істейді. Оған зәбір көргендер ғана емес, тұрмыстық кикілжіңнің куәгерлері де жүгіне алады. Жоба "Бақытты отбасы" жол картасы аясында іске асты.  Оны "Nur Otan"партиясы қолдап отыр. 

Динара ЗАКИЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫ:
 

Жедел атқару тобы тек ақпараттық қолдау көрсетіп қана қоймайды. Мұнда істі басынан, соңына дейін жеткізіп, қадағалайтын модераторлар жұмыс істейді. Бізде учаскелік инспекторлардың анықтаған жағдайын, тиісті органдар екі жылдай қараусыз қалдырған кездер де болған. Осындай дүниелердің алдын-алу үшін барлық қажетті қызметтерді біз бір жерге біріктіріп, істі тез ретте келтіретін штаб құрып отырмыз. 

Динара Зәкиева кәмелет жасқа толмағандардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы азаймай тұрғанын айтты. Оның дерегінше, былтыр елде 2000-нан аса кәмелет жасқа толмаған балалар Бейімдеу орталығына түскен. Ал жыныстық зорлық көргендер бойынша Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстары көш бастап тұр. Жамбыл облысында жыныстық зорлық көргендер бир жылда 65 пайызға дейин өскен.

Динара ЗАКИЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫ:


Көбіне отбасылық жанжалдан әйелдер емес, үйдегі балалар жапа шегіп жатады. Таяқтың астында қалып, психологиялық зақым алатын да солар. Ең жаманы, үйдегі ана жағдайдың алдын-алып, баласын қорғаудың орнына жұбайын жақтайды. Баласының ісі қаралып жатқанда жолдасын қорғап тұрады. Осындай жағдайды болдырмас үшін көршілердің араласуын сұраймыз. Егер, балалардың немесе әйелдердің зәбір көргенін байқасаңыз, осы жедел штабқа жүгініңіз!

А. Мүтәлі