Енді "ерекше фото" айдары. Бүгін 365.инфо сайты тауып салған суретке тоқталамыз. Мына апа - "Огонек" журналының 1945 жылы 22-шілдеде 29-санындағы мұқабасына шыққан. Қазақ ССР-і, Алматы облысы, Қызыл Ту колхозының звено жетекшісі Зейнеп Шыныкеева. Стахановшы. Портал аталған журналдың жарық көрген дәуірінде қазіргі "Вог", "Форбс" тағы басқа сол сияқты басылымдардың жүгін жалғыз арқалағанына, жұрт таласып оқитын жақсы журнал болғанына тоқталады. Ал 1945 жылы жазда - соғыстың аяқталғанына 2 ай болғанда жүзі мейірімге толы АНА бейнесімен шығуы айтпаса да, түсінікті. Әйтсе де мынадай штрих. Қазір поп-орындаушы, модель немесе миллионер суреті шықпаса басылым "өтпейді" дейді ғой. Ол кезде де әскербасылар, маңғаз мерейтой иелері шығатын болған. Және орыс ұлтының өкілдері. Ал қазақ әйелінің суретін шығаруға ұсыныс берген редакторы мен оны қолдаған бас редакторы масштабты ойлай алатын, терең адамдар болса керек.