Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодар облысында 5 мыңнан астам отбасына "Birgemiz" қоры арқылы қаржылай көмек көрсетілді

AstanaTV
05.06.2020ж. 20:00
2449
Павлодар облысында 5 мыңнан астам отбасына "Birgemiz" қоры арқылы қаржылай көмек көрсетілді

Павлодар облысында 5 мыңнан астам отбасына "Birgemiz" қоры арқылы қаржылай көмек көрсетілді. Бұл жолы өңірге қарасты Ақсу ауылдық аймағы мен 4 аудан тұрғындарына 50 мың теңгеден берілді. Көмекке ие болғандардың бірі - Елена Мотуз. Ол - 5 баланың анасы. Жолдасы ерте дүние салғандықтан, балаларын жалғыз өзі асырап отыр. Көп балалы ана мұндай көмекті күтпегенін айтады.

Елена МОТУЗ, ПАВЛОДАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Басында телефоныма смс келгенде асыраушымыздан айырылғанымыз үшін жәрдемақы түскен шығыр - деп мән бермедім. Кейін әкімдіктен хабарласып: "Bizbirgemiz" қорынан сізге көмек берілді - дегенде қатты қуандым. Мұндай көмекті күтпеген едім.


Айта кетейік, "Birgemiz" қоры Елбасының бастамасымен елде төтенше жағдай жарияланғанда қолға алынған болатын. Қомақты қаржы жиналып, ол "Нұр Отан" партиясының "Біз біргеміз" акциясы арқылы мұқтаж жандарға үлестірілді. Акция барысында бұған дейін Павлодар облысы бойынша 10 мыңнан астам адам қаржылай көмек алған. Олардың ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүгедек жандар мен соғыс ардагерлері бар.

Ғабит ХАФИЗ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып отыр. Себебі, қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы да, соның ішінде "Jas Otan" жастар қанатына көмекке зәру адамдардан үнемі өтініш шағымдар түсіп жатыр. Сондықтан бұл алдағы уақытта түсетін көмек.

Ө. Қуанар