$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атыраудағы "Гүлден" ықшамауданы өркениеттен жұрдай

AstanaTV
10.06.2020ж. 20:00
2407
Атыраудағы "Гүлден" ықшамауданы өркениеттен жұрдай

Гүлденбеген "Гүлден". Қаланың іргесінде тұрған "Гүлден" ауданына коммуналдық қызметтер әлі күнге жетпепті. Мектеп, балабақша түгіл жол түспеген. Ал, электр желісі мен көгілдір отынды, тұрғындар өздері тартып алыпты. Тілшіміз тарқатады.

Айқыш-ұйқыш бағаналар мен салбыраған сымдар "Гүлден" үшін "үйреншікті". Осының өзіне "шүкір", дейді аудан тұрғындары. Өйткені, электр жарығы мен ауыз суды халық өз күшімен тартып алған. Бұрын ол да жоқ еді. Тоқ мұнда тұрақсыз. Екі күннің бірінде жалп етіп, өшіп қала береді.

Қалжан БАЙМҰРЗИЕВА, «ГҮЛДЕН» ЫҚШАМАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:

Кеш болса сөніп қалады. Екі тоңазытқышым  істен шықты тоқтан. Үшінші тоңазытқышты жақында тағы қосып қойдық.

Балауса ҮРБИСІНОВА, «ГҮЛДЕН» ЫҚШАМАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:
 
Ана жақ жолдың шетінен орталық көшеге дейін 900 метр тартып отырмыз кабель, газ, су. Үкіметтің тарапынан столобтар істеген жоқ. Миллиондап ақша жіберіп отырмыз, Үкіметке төлеген ақшаны былай қойғанда. Ай сайын сайын ком услуга төлеп отырмыз за свет, газ, суға бәріне.

Қалай болса солай тартылған электр желісі көршілердің мазасын қашырды. Мысалы мына үйдің төбесінде бірнеше сым салбырап тұр. Өміріне қауіптенген үй иесі желіні басқа жерге көшіру керек деп отыр. Өркениеттен ада "Гүлденде" жол да жоқ. Яғни, жолы жоқ ықшам ауданда емхана да, балабақша мен мектепте салынбаған.

Бейбіт ЖАХИЕВ, «ГҮЛДЕН» ЫҚШАМ УДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:
 
Бұл жерде мектеп, балабақша, поликлиникамыз жоқ. Балдарды апару  үшін 4-5 шақырым балшық кешіп қалаға барамыз.

Самат ЖҰМӘЛИЕВ, «ГҮЛДЕН» ЫҚШАМАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:
 
Акиматқа да бардық. Акимат тіпті білмейді. "Гүлден" деген қай жақта деп өзімізден сұрап тұр. Негізі қалаға қараймыз.

Шенеуніктердің айтуынша, бұл жерлер кезінде бау-бақшаға арналыпты. Яғни, электр желісі де күре жолда да бұл жаққа жоспарланбаған. Дегенмен әкімдік тұрғындарға қол ұшын беруге дайын.

Аңсаған САҒЫНБАЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Түгелдей электр энергиясын жүргізу мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін қаржы сұратылды. Биыл сол аталған сметалық құжаттама жасақталып жатыр. Атырау жарық мекемсімен келісе отырып өздігінен өз үйіне электр энергиясын тартқан тұғындарда проблема туындаған жағдайда өзінің көрішлерімен келісе отырып, бұл проблеманы өзара шешуге тиісті.

Жергілікті халық әкімдік сөзіне сенуден қалған. Өйткені, әкімдер жиі ауысып жатыр. Ал, тұрғанына 10 жылдан асқан ықшам аудан "баяғы жартас - сол жартастың" күйін кешіп келеді.

Б. Нәдірқызы