Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ұлына зәбір көрсеткен өгей әкенің ақыл-есі дұрыс емес, - Казталов аудандық білім бөлімі

AstanaTV
11.06.2020ж. 20:00
3686
Ұлына зәбір көрсеткен өгей әкенің ақыл-есі дұрыс емес, - Казталов аудандық білім бөлімі

Өгей әкенің өгейлігі. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 4 жастағы баласын жіппен матап, мал қораға қамап тастаған. Бірнеше сағат аш отырған балаға ауылдастары араша болған. Зәбір көрген балғын қазір ауруханада жатыр. Ал, өгей әкенің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Жаға ұстатарлық бұл оқиға кеше Казталов ауданында болған. Байлап-матап, мал қораға таңертең қамаған. Бала қазір ауруханада. Оған не үшін мұндай қорлық көрсеткені әзір белгісіз.

Самал ДЖАНГЕРЕЕВА, КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Баланың өгей әкесі қолы мен аяғын байлап қойған сарайға. Үйде болып жатқан жағдайды баланың анасы барып балабақша тәрбиеленушілеріне айтады. Біздің мамандардың дерегі бойынша, баланы байлап қоюға мәжбүрлеген күйеуінің жеңгесі көрінеді.

Қазір аудандық ішкі істер және білім беру бөлімінің мамандарынан комиссия құрылды. Олар мән-жайды анықтамақ.  Полиция бүлдіршінді азаптауға қатысы бар адамдарды тергеуге алып, қылмыстық іс қозғапты. Атпалдай азаматтың қаршадай балаға тиісуіне не себеп болғаны әлі анықталған жоқ.

Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

1991 жылы туған ер адамның өгей ұлын 10 маусым күні таңертеңгі сағат 8-ден түскі 11-ге дейін сарайда қамап ұстағаны анықталды. Осы оқиға бойынша Казталов аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 126-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Аудандық білім беру бөлімінің өкілдері 4 жастағы баласына зәбір көрсеткен өгей әкенің ақыл-есінде ауытқушылық бар екені айтты. Оның жүйке ауруына шалдығып, арнайы есепте тұрғанын растады.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Қазір бала ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Бірақ өзіне зәбір көрсеткендерге барудан үзілді-кесілді бас тартыпты. Жалпы, ел ішіндегі дағдарыс орталықтарының дерегінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400-ге жуық әйел көз жұмса, отбасындағы әрбір екінші бала өз ата-анасынан жәбір көреді екен.

Е. Карин