Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

СҚО қарақшылар шабуылдаған жанармай бекетінде күзетші жоқ

AstanaTV
11.06.2020ж. 20:00
2279
СҚО қарақшылар шабуылдаған жанармай бекетінде күзетші жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында екі қарақшы жанармай құю бекетіне шабуыл жасады. Бұзақылар кассадағы жалғыз адамды пышақпен қорқытып, бекеттегі 270 мың теңгені қолды еткен. Біз қызығы қарақшылар шабуылдаған жанармай бекетінде күзетші болмаған. Зардап шеккен кассадағы әйел, олардың екі жыл бұрын қысқартуға ұшырағанын айтады.  

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
 
Ел аузындағы жанармай құю стансасы Петропавлдан 50 шақырым жердегі Соколов ауылының қасында орналасқан. Күре жолдың бойында тұрған нысанның барлық табысын сыпырып алу үшін қарақшылар тас қараңғы болғанын күткен.

Стансада күзетші болмаған. Мұны бұзақылар жақсы білген. Олар жалғыз отырған кассадағы әйелге кеңсе пышағымен қоқан-лоқы көрсетіп, ақша талап етіпті. Бірақ 47 жастағы жергілікті тұрғын қарақшылардан сытылып шығып, көрші тұрған жанармай бекетінен көмек сұраған. Бұл уақытта бұзақылар кассада жатқан 270 мың теңгені қолды етті.

Қарақшылар менің әжетханаға шығуымды аңдып тұрыпты. Жан тәтті, олармен күресуге тура келді. Пышақ  қолым мен арқамды тіліп тастаған екен. Бірақ қашып құтылдым. Екі жыл бұрын бізде күзетші болған еді. Оларды қысқартып тастаған.

Оқиға орнына полицейлер келген кезде қылмыскерлер ізін суытып үлгерген. Тәртіп сақшылары дереу өткен-кеткен  көліктерді тексерді. Екі сағаттан кейін, күдіктілерде ұсталған. Олар жолды бойлай қаланы жаяу бетке алған.

Петр КЛИМОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тас жолдың бойында түнде жүрген адамдар бірден көзге ілікті. Оларды ұстап, күштеп  жанармай бекетіне апардым. Қылмысқа қатысы бар екені расталды. Қазір қарақшылық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандар 1991 жылғы жергілікті тұрғындар. Полиция екеуінің де жұмыссыз екенін айтты. Қазір олар уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Жанармай құю стансасының басшысына, полиция қауіпсіздік шараларын күшейтуге кеңес берілді.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Жалпы, жыл басынан бастап облыс бойынша қарақшылық шабуыл төрт мәрте жасалған екен. Полицейлер барлық жағдайда да қылмыстың беті бірден ашылғанын айтады.

А. Құрманкин