$523.86 €544.34 ₽5.11
×

ҰБТ-ға қатысты мәселелер «Нұр Отан» партиясында талқыланды

AstanaTV
29.09.2017ж. 20:00
2671
ҰБТ-ға қатысты мәселелер «Нұр Отан» партиясында талқыланды

Биылғы ҰБТ-де төмен балл жинаған «алтын белгі» иегерлерінің тым көп болуы - жүйелі шешуді қажет ететін проблема. «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархат Қуанғанов осындай пікір білдірді. Бүгін Астанада партияның сайлауалды бағдарламасының білім бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.

Жаңа форматтағы білім сынағының нәтижелеріне орай қоғамда көптеген сұрақтар туындаған. Қуанғанов қиындықтың бірқатары "алтын белгі" иегерлеріне қатысты екеніне тоқталды. Бұған дейін өткізіліп келген ескі форматтағы ҰБТ-де ерекше белгіде тәмамдаған түлектерге қатысты критерийлер бар еді. Ал соңғы өткізілген тестілеуде олар алынып тасталғандықтан, гранттарды бөлуде қиындықтар пайда болған. Партия хатшысы республикалық қоғамдық қабылдауға білім саласына қатысты сұрақтармен азаматтардың көптеп келетінін айтты. 

Фархат Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Түрлі мамандықтар бойынша өту баллының мөлшері әртүрлі - кейбір мамандыққа 60, ал енді бірінде 120 баллды құрайды. Ата-аналар мен түлектер мамандықтарға конкурстардың қай деңгейде екенін білуге құқылы. Бұл бойынша ақпарат жылдам берілуі керек, өйткені мектеп бітіруші сынақта жинаған нәтижесін саралап, өзге мамандыққа да бақ сынап көруі керек. Алайда, министрлік бұған дайын емес. 

Ал түлек конкурстық іріктеуден өтпесе, өзге оқу орнына бару үшін, қайта құжат жинап, әуреге түседі. Саладағы осы сияқты көптеген түйткілдер шешімін табуы керек, - деді партия өкілдері.