Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерінде нөсер жауын жауып, секундына 28 метрге дейін жылдамдықпен, қатты жел соғады. Солтүстік аймақта ауа температурасы түнде 2-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз 10-18 градус жылылықты көрсетеді. Кей облыстарда күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал.
А. Мүтәлі