$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Пандемияның екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін, - ДДСҰ

AstanaTV
29.06.2020ж. 20:00
7078
Пандемияның екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін, - ДДСҰ

COVID-19 пандемиясының екінші толқыны бола қалса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының стратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра осындай жантүршігерлік болжам жасады. Пандемия осы күннің өзінде өршіп тұр. Әсіресе Еуропа елдерінде жағдай мәз емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин шараларын күшейту керек деп отыр.

Раньери ГЕРРА, ДДСҰ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ:

Соңғы екі аптада әлемнің 30 елінде кеселдің белең алуы байқалды. Оның 11-інде инфекцияның таралу динамикасы қарқын алды. Егер уақытында шара қабылданбаса, үлкен қиындыққа тап болуымыз мүмкін.

Енді сандарды сөйлетсек. Коронавирустың ілмегіне іліккендердің саны әлемде 10 миллион адамнан асты. Қайтыс болғандар жарты миллионға жетті. Жазылып шыққан 5 жарым миллион адам бар. Елдегі жағдай бойынша бірер ақпар : Өткен тәулікте 547 отандасымыз жұқпалы кеселді жұқтырғаны белгілі болды. Сөйтіп республика бойынша науқастардың жалпы саны 21 мың 300-ден асты. Ал, статистикаға кірмейтін "тасмалдаушылар" болса 17 мыңға таяды. Өкінішке қарай, "Қытайлық ауру" құрбандары - 183-ке жетті.

А. Данияр