Түркияда көлік апатынан зардап шеккен жерлестер елге бүгін жеткізілмейді. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Денсаулық сақтау министрлігінің санваиация қызметі оларға ұшақ жібереді деген еді. Бұл ақпаратты естіген қазақстандықтар күні бойы телміріп күткен. Қазақстандықтар елге қашан оралады? Диана Сапарқызы анықтауға тырысты.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі жерлестеріміз бүгін елге жеткізілетінін БАҚ арқылы хабарлады. Түркиядағылар да бұдан хабардар болған. Билік өкілдерінен көмек сұрағандар ұшақты күні бойы телміріп күтіпті. Бірнеше күннен бері елге қайта алмай жатқандар ертең қол ұшын созбаса, үміттерін үзгелі отыр.
Ербол Саметов, Нұрсұлтан Орынбасаровтың туысы:
Самолет жоқ әлі. Мынау қазақ соцсетта жазып жатыр самолет шығады деген. Самолет деген ол өтірік. Бәріне қағаз қойдырды. Заявление жазыңдар, ананы жазыңдар, мынаны жазыңдар деп. Бір қыз бар екі қолы сынық, ол қайтіп заявление жазады?! Енді не істейміз, құрғақ сөзден қайыр жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі санавиация жіберді ме? Баспасөз қызметі комиссия отырысы болып, олар жерлестерге ұшақ жіберуді шешкенін айтты. Алайда, әуе кемесі бүгін жіберілмейтін болған. Ондағылар ертең ұшақтың бағыты мен уақыты белгілі болады деп отыр. Ал заңгер "Қамқордың" бұл мәселеге араласпай отырғанын түсінбейді.
Станислав Лопатин, заңгер-сарапшы:
Бұл жерде нақты әкімші – «Туристік Қамқор». Осы қорға барлық міндет қойылған. Келіссөздер жүргізіп, талқыға салып, ұйымдастыру қажет болатын. Қиын жағдайда қалғандарға шет мемлекеттен шығарып алу, уақытша тұрғылықты жер тауып беру, тамақтандыру - осы корпоративтік қордың тікелей міндеті. Бұл жерде оның әркетсіздік танытып отырғаны мен үшін белгісіз, әрине. Алайда, ол қордың міндетін қазір Түркиядағы консулдық ұйымдастырып отыр.
Диана Сапарқызы, тілші:
Сарапшы
заңгердің айтуынша, шетелде қиын жағдайда қалған туристерге көмек көрсетуді
мемлекет қамтамасыз ету керек екен. Ал егер өз жолмен шетел асып бара жатқандар
болса, елде есепке тұрып, бара жатқан мемлекеттегі консулмен алдын ала
хабарласқан жөн деп кеңес береді.