Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан мың текше метр газды Еуропаға 200 еуроға саудалайды

AstanaTV
28.09.2017ж. 20:00
2442
Қазақстан мың текше метр газды Еуропаға 200 еуроға саудалайды

Әуе отыны тапшылығын жою үшін, Энергетика министрлігі Ресейден 8 мың тонна өнім алмақ. Осылайша, әуе отынды әупірімдеп жеткізе тұрмақ. Ал Қазақстан мың текше метр газды Еуропаға 200 еуроға саудалайтын болады. Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев осылай деді. Газдың көтерме бағасы ішкі нарықта одан екі есеге арзан. Айтуынша, 1 шілдеде министрлік көтерме бағаны белгілейді. Елге келетін газдың 60% доллармен. Дегенмен, девальвациядан бері "Қазтрансгаз" көгілдір отын бағасын өсірмеген. Тіпті шығынмен жұмыс істейді дейді. Ал Қазақтан газды Ресей арқылы Еуропаға экспорттайды. Өйткені ол Орынборда өңделеді. Одан әрі Германия мен Швейцарияға саудаланады.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Еуропалық баға орта есеппен мың текше метрі 200 еуро. Бізде көтерме баға 16 мың теңге. Тарату, жеткізуді қосқанда, 22 мың теңгеге шығады.

Ал, газ ақысын төлемегендер жылусыз қалуы мүмкін. "Қазтрансгаз Аймақ" басшылығы бүгін осындай ескерту жасады. Бұған дейін Үкімет отырысында Бозымбаев премьерден облыс басшыларын қарызды қайтаруға міндеттеуді сұраған. Жалпы қазір компанияға тұтынушылар 12 млрд теңге бершек. Оның ішінде Шымкент 1,5 млрд,  Алматы 473 млн, Ақтөбе 365 млн теңге қарыз.

Манас Тасыбаев, «Қазтрансгаз аймақ» АҚ бас директоры:

Пользуясь случаем, я хочу предупредить, что они могут остаться без газа. За потребленный газ, как и за другие услуги, надо платить.