$458.69 €501.3 ₽6.52
×

Анасы аяусыз ұрған 7 жасар Асыл балалар үйінде тәрбиеленеді

28 қыркүйек 2017
2816
Анасы аяусыз ұрған 7 жасар Асыл балалар үйінде тәрбиеленеді

Оңтүстік Қазақстан облысында анасы аяусыз ұрып, өлім аузынан қалған 7 жасар Асыл Батталғазы бұдан былай балалар үйінде тәрбиеленеді. Бүгін таңертең оны Ордабасы аудандық білім бөлімінің қызметкері Шымкенттегі №3 балалар үйіне әкеліп тапсырды.  Мінезі ашық Асыл келген бойда барлығымен тіл табысып кетті. Мамыр айынан бері ауруханада жатқан бала әлі де аяғын сылтып басады. Басына ота жасалған ол еркін сөйлей алмайды. Дегенмен, денсаулығы қазір бастапқы кездегіден әлдеқайда жақсарды, -дейді мамандар.

Бақберген  Сәрсенбеков, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері:

Аудандық комиссия, ол балалар үйіне орналастыратын болсақ, алдағы уақытта ары қарай балалар үйінде әрі қарай массаж жасату, оны оңалту орталықтарына жіберу, оны арнайы балалар үйіндегі психологтармен жұмыс жасау дұрыс болады, деп шешіп, сол комиссия сондай шешім қабылдады. Алдағы уақытта патронатқа, қамқорлыққа, жоқ асырап алуға үміткерлер болатын болса, бұл баланың жалпы құжаттары дайын.

Балалар үйінің әлеуметтік қызметкері Салтанат Айдарова Асылды алдағы аптадан бастап мектепке жіберетіндерін айтты. Егер ол жақта бала сабақты алып кете алмаған жағдайда,  басқа амалдарды қарастырамыз деп отыр. Мұнда Асылдың аяғына массаж жасап, тіл мүкістігін түзеуде логопед мамандар қатар жұмыс істейтін болады.

Салтанат Айдарова, Шымкент қаласы № 3 балалар үйінің әлеуметтік педагогы:

Бізде өзімізде арнайы мектеп бар, осындай балаларды оқытатын, сол жерде оқып, дамып, әрі қарата ойын, бәрін кеңітетін. Баланы сол жерге жіберіп, ал бірақ демалыс күндері бала бізде болады. Біздің өзімізде тіл мамандары бар, психологтар бар, дәрігер бар.

Айта кетейік, Асылдың анасына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оның қолындағы 1 жасар қыздың тағдырын  да сот шешеді. Ал білім бөлімі әдіскерінің айтуынша, баласынан заңды түрде бас тартып, аналық құқығынан айрылған келіншектің бүгінде тағы аяғы ауыр көрінеді. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар