Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Барыс» КХЛ чемпионатында бесінші сатыға көтерілді

AstanaTV
28.09.2017ж. 20:00
2269
«Барыс» КХЛ чемпионатында бесінші сатыға көтерілді

Алда спорт әлеміндегі басты деген жаңалықтар легі. Онымен Дәуренбек Бақдәулетұлы таныстырады. 

«Барыс» хоккей клубы өз алаңында өткен ойында «Локомотивтен» басым түсіп, турнир кестесіндегі көрсеткішін жақсарта түсті. Ал «Железнодорожники» клубы қорғаныста да, шабуыл шегінде де сауатсыз ойын көрсетіп жатыр. Астана мұз айдынында олар 6 шайбы жіберіп алып, қарымта ретінде тек бір гол соққан. "Барыс" 2 бірдей жеңілістен кейін жанкүйерлерін қуантты. Алғашқы шайбы ойын басталғаннан кейін небары екі минут ішінде соғылды. Сенімді жеңіспен аяқталған матч соңында Валерий Орехов сынды жас ойыншыны да бір бақылап көрудің реті келді. Мұнан соң астаналық клуб сырт алаңдағы ойындар сериясын өткізуге жөнелді.

Евгений Корешков, «Барыс» ХК бас бапкері:

Өткен ойында көп күш жұмсадық. Бүгінгі ойында оңай болған жоқ. Дегенмен бар күшімізді сарқысақ та, жарқын жеңіске қол жекіздік. Жігіттерде жеңіске деген сенім болды. Әйтпесе осыған дейін қанша мүмкіндікті мүлт жіберіп алған едік.



Ал Чемпиондар лигасы аясында өткен «Базель» мен «Бенфика» кездесуінде «Бенфика» гол соға алған жоқ. Есесіне швейцариялық әріптестері бар мүмкіндікті мүлт жібермеді. 3 гол жіберіп алған португалиялықтар енді үміт жоқ екенін сезінгендей болды. Оның үстіне тәртіп бұзып, алаңнан қуылғаннан кейін тағы екі гол қатарынан жіберіп алды. Ойын 1:4 есебімен аяқталды. Ал, «Барселона» жеңісті тойлау үшін гол соғудың да қажеті болған жоқ. Тартысты сәттің бірінде лиссабондық «Спортингтықтар» авто гол соғып алды. 49-шы минутта уругвайлық қорғаушы Себастьян Коатес соққан гол кездесудің нәтижесін көрсетті.



Сондай-ақ белгілі былғары қолғап шебері Мигель Коттоның да соңғы жұдырықтасуы қашан болатыны белгілі болды. WBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы 2-ші желтоқсан күні Нью-Йорктағы белгілі Madison Square Garden-де бокстасады. Ал, боксшының командасы қазір қарсыластың кім болатынын анықтап жатыр.