$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматылық дәрігерлер үстемақысын ала алмай келеді

AstanaTV
16.07.2020ж. 20:00
2553
Алматылық дәрігерлер үстемақысын ала алмай келеді

COVID-19 індетімен күрес мақсатында бағытын ауыстырған әскери госпитальдан шу шықты. Дәрігерлер мұнда Мемлекет басшысы айтқан үстемақыны әлі күнге ала алмай жүр. Тиісті қаражатты талап еткендер болса басшылық тарапынан қысым көреді екен.

Жәзира НҰРБЕКОВА, МЕДБИКЕ:

Тиесілі ақшамызды 850 мың теңгені төрт ай төлеген жоқ. Неше рет командирға кірдік, неше рет шақырамыз, дедік. Полковник Омаров деген бар үнемі бізді қорқытады. Шақыртып, арыз жазатын болсаңдар «уволим», деп.

Алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің жалақысы да мардымсыз. Мысалға санитардардың айлығы мұнда шайлығына жетпейді. Күні-түні жүріп табатыны 28 мың теңге.

Шынар ӘЗБАЕВА, МЕДБИКЕ:

24 сағат арнайы костюммен жүру деген, өздері 15-20 минутқа кіреді. Біз үш, алты сағатқа дейін демала алмаймыз. Көзілдірік бар. Оның бәрі суланады, терлмейміз, укол қоюымыз керек, оның бәрі біз үшін қиын.


Дәрігерлердің арызы бойынша әскери госпиталь басшылығы түсініктеме берді. Шендінің айтуынша, кезінде Қорғаныс министрлігіне қараған аурухана осы күнде Денсаулық сақтау министрлігі құзырында екен. Үстемақыға қатысты құжаттар тиісті жерге жолданған. Алайда, жауап әлі күнге келмепті.

Эльдар АЛИЕВ, ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛЬ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Денсаулық сақтау министрлігінің әу бастағы үстемақы төлеу туралы бұйрығында әскери госпиталь қызметкерлері қарастырылмаған. Біздің тарапымыздан ұсыныс пен өзгертулер жасалды. Қазір құжатты құзырлы органдар тексеріп жатыр. Денсаулық сақтау, әділет және қаржы министрлігінің рұқсатынан кейін күшіне енеді. Сол кезде үстемақы төлей аламыз.

Ал, дәрігерлер басшылық сөзіне сенбейді. Өйткені, бұл уәденің айтылғанына бірнеше айдың жүзі болды. Ақ халатты абзал жандар енді, "Үстемі ақы төленбей жұмысқа шықпаймыз", деп отыр.

А. Кемелжан