Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Түркістанда дәрілер азық-түлік дүкенінде сатылып келген, - қалалық прокуратура

AstanaTV
23.07.2020ж. 20:00
3249
Түркістанда дәрілер азық-түлік дүкенінде сатылып келген, - қалалық прокуратура
Түркістанда дәрілер азық-түлік дүкенінде сатылып келген. Қаладағы сауда нысандарының бірі лицензиясыз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдадыр тамақ өнімдері салынған тоңазытқышта сақтаған. Бұл ақпаратты Түркістан қалалық полиция басқармасы өкілдері растады. Енді, дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. 

Береке ЖҰМАБЕКОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Яссауй көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінде "Заңсыз дәрі-дәрмек сату" фактісі анықталды. Аталған факт бойынша заңсыз сатылған дәрі-дәрмектерді тәркіленіп, тиісті заттар уәкілетті органдарға жолданды. Дүкен қожайыны «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша қағидаларды бұзу» баптарымен әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

Ал, 30 жастағы астаналық тұрғын дәріні әлеуметтік желі арқылы саудалап келген. Ішкі істер министірлігінің дерегінше мұндай заңға қайшы әрекеттер Ақтөбе, Түркістан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында да тіркеліпті. Бұдан бөлек, пандемия ушығып тұрғанына қарамастан елде 48 отбасылық мереке мен 24 еске алу іс-шарасы өткені белгілі болды. 5 шілдеден бастап 495 тұлғаға 20 миллион теңгеден астам соммада әкімшілік айыппұл салынған. Вице-министр "карантин талаптарын бұзғандар қатаң жазаланады" деді.

Алексей КАЛАЙЧИДИ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қарағандыда түнгі клуб карантин ережелерін ескермей жұмыс істеген. Тексеру кезінде 200 адам болғаны анықталды. Барлық құқық бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылды. 25 адам қамауға алынды. Өкінішке қарай, халық көп жиналатын мерекелік және еске алу жиындарын өткізу жалғасуда. Мұның салдары болашақта ауыр болуы мүмкін.

Маска тағу - бәріне міндетті. Үйде де, көшеде де. Айтылған талапты орындамағандар жауапқа тартылады. Бас санитарлық дәрігер осыны тағы ескерті. Қазақстанда 4500 заң бұзушылық анықталса, соның төрттен бір бөлігі маска режимін бұзумен байланысты екен. Бір ғана Алматыда бетпердені елемеген 400 адамға, 83 мың теңгеден айыппұл салыныпты. Дер кезінде төлегендерге жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек, Айжан Есмағамбетова карантиннің қашан аяқталатынын айтты.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Егер біз сақтық шараларына бейжай қарайтын болсақ, коронавируспен күресу қиынға соғады. Бұл ауа-тамшылары арқылы тез таралатын өте жұқпалы инфекция. Егер біз шектеу шараларын ұстанатын болсақ,онда  карантинді жеңілдетуге тырысамыз. Себебі, жағдай өзгереді. Егер тиісті талаптарды орындамайтын болсақ, онда үнемі қатаң карантин жағдайында өмір сүруімізге тура келеді.


Айта кететін тағы бір ақпарат: жыл басынан бері пневмониямен ауырған 234 000-нан астам адам коронавирустың жаңа статистикасына енбейтін болды. Денсаулық сақтау министрлігі, тек карантин енгізілген соң ғана ауырған науқастарды  енгізбекші. Соңғы 20 күн ішінде 64 мыңға жуық науқастың өкпесі қабынып ауруханаға жатқызылыпты.

Айжан ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Бүгінде стационарларда 45 мың науқас емделіп жатыр. Күнделікті өмірде барлық талапты сақтауымыз керек. Отбасында, далада әлеуметтік қашықтықты сақтап, жеке гигиена талаптарын ұстану керек. Бүгінгі таңдағы өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі коммисиясының мәліметінше, коронавирусты жұқтырып бірақ, көз жұмуын басқа ауру себеп болған 319 адам анықталып отыр.


Жалпы, COVID-19 індетіне өткен тәулікте 1600-ден астам адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша науқастар саны 77 мыңға таяды. Оның 49 мыңы емделіп шықты. Ал, әлемде бұл дертке шалдыққандар 15 жарым мыңға жақындаған.

А. Данияр