$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Алматыда әлемдік медиа нарықтағы жетекші «BuyTime» компаниясының Қазақстандағы алғашқы кеңсесі ашылды

27 қыркүйек 2017
2054
Алматыда әлемдік медиа нарықтағы жетекші «BuyTime» компаниясының Қазақстандағы алғашқы кеңсесі ашылды

Уақытты сатып ал да, салымыңды арттыр! Осындай ұран ұстанған әлемдік медиа нарықтағы жетекші компания "BuyTime"-ның Қазақстанда алғашқы кеңсесі ашылды. Енді қарапайым тұрғындар осы кеңсеге келіп, кеңес ала алады. Салтанатты шараның ашылуына арнайы келген ағылшын компаниясының президенті Дмитрий Лютов жарнама әлемінің жақсы табыс екендігін айтып, жаңалықтарымен бөлісті. Шындығында, эфирлік уақыттың ерекшелігі неде? Оны сатып алғанда, не ұтамыз? Олжас Нұржақып білді. 

Отандық медиа нарық ойыншылары үшін бұл ерекше сәттердің бірі. Өйткені эфирлік уақытты көтерме бағамен бір жыл бұрын сатып алып, бөлшек сауда арқылы табыс табуды көздейтін әлемдік ірі компанияның еліміздегі алғашқы және бірінші кеңсесі ашылып отыр. Енді ұлыбританиялық "BuyTime Incorporated" холдингінің Алматыдағы кеңсесінде уақытты қалай табысқа айналдыруға болатындығы жайлы кеңес ала аласыз. Әрі медиа нарықтағы жетекші компанияның мүшесі болуға мүмкіндігіңіз бар. Мұнда онға жуық білікті маман біліміңізді толықтырады, - дейді Лейла Чимирова.

Лейла Чимирова, «BUYTIME INCORPORATED LLP» медиа холдингінің Алматыдағы өкілі:

Кеңсені ашудағы басты мақсат - тұтынушыларға дұрыс ақпарат беру, «BuyTime» компаниясының медиа нарықтағы бағытын түсіндіру, жаңа қатысушыларға уақытты қалай сатып алуға, қанша салым салуға, қандай қоржындарды таңдауға болатындығын айту.

Жаңа кеңсенің ашылуы аяқталысымен, қос тарап келісімшартқа қол қойды. Осылайша, қызметтік жолды әріптестікке алмастырды. Жалпы, осыдан 6 ай бұрын ресми түрде іске кіріскен "BuyTime" компаниясында бүгінде 45 мың салымшы бар. Ал, қазақстандықтардың 20 мыңнан аса азаматы жарнама уақытын табысқа айналдырған. Компания президенті Дмитрий Лютов: «Бұл валюта курсы мен бүкіл әлемдік экономикалық ахуалға қарамастан, дивидендтер әкелетін ең табысты сала», - дейді.

Дмитрий Лютов, «BUYTIME INCORPORATED LLP» медиа холдингінің президенті:

Медиа нарықта әр минут, тіпті, әр секунд та үлкен маңызға ие. Біздің бағытымыз да сол. Уақыт тиімділігін дұрыс пайдалану, бөлшектеп сату. Компаниямыздағы медиа қоржын болса, клиенттеріміздің қалтасына ыңғайланып жасалған. Келісімшартқа отырып, бір жыл көлемінде салған соммаңызды көбейте аласыз. Әрі қауіпті деп қорықпаңыз. Біз өз жұмысымызға қашан да жауаптымыз.

"BuyTime" компаниясы қазірдің өзінде жалпы сомасы 75 миллион АҚШ долларына эфирлік уақытты сатып алған. Оның ішінде Отандық медиа нарық та бар. Қатысушысы болып қаражат тапқыңыз келсе, компанияның жеке сайтындағы 9 қоржыннан қалтаңызға ыңғайлысын таңдай аласыз. Қаражат қолма қол қабылданбайды. Ірі холдингтің қызметі Алматымен шектелмейді. Жақын күндері елорда төрінде де жаңа кеңсе ашу жоспарланған.

Олжас НҰРЖАҚЫП 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар