$478.58 €520.84 ₽5.44
×

Құрбан айт кезінде мешіттерде айт намазы оқылмайды - Бас Мүфти

AstanaTV
24.07.2020ж. 20:00
3101
Құрбан айт кезінде мешіттерде айт намазы оқылмайды - Бас Мүфти

Бүгін муфтият Құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан шалуға онлайн тапсырыс беретін сайт ашылғанын хабарлады. Айта кетейік, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, биыл мешіттерде Айт намазы оқылмайды. Ал құрбандық шалуға тапсырыс берушілер мұқтаж адамдардың тізімін сайттан таба алады. Бауыздалған мал етін мұқтажтарға жеткізуге еріктілер жұмылдырылмақ.  

Ғ.Өтемісов