Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордадағы "Жағалау" үлескерлері тағы да шу шығарды

AstanaTV
27.07.2020ж. 20:00
2807
Елордадағы "Жағалау" үлескерлері тағы да шу шығарды

«Жағалауда» тағы да дау. Жүздеген елордалық үлескер бүгін құрылысы аяқсыз қалған тұрғын үй кешен маңына жиналды. Бірі - сапасы сын көтермейтін үйдің құрылысын даулап келсе, енді бірі пәтерге құйған ақшасын талап етті. Ең сорақысы, бұл түйткілдің сағызша созылып келгеніне 10 жылдан асқан.  

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Тұрғындар таңертеңнен бері осы маңда жүр. Бәрінің қалағаны бір. Көрер көз, естір құлақ болса дейді. Дәл қазір әкімдік өкілдерінің тап осы жерге келіп, мәселені шешіп беруін талап етіп отыр.

Тұрғындардың айтуынша жырға айналған "Жағалау" құрылысын әу баста «ASI» компаниясы бастаған. Кейіннен теңге құнсызданнып кәсіпорын тақырға отырыпты. Компаниямен бірге 1,5 мыңға жуық үлескер сан соғып қалды. Оның басым көпшілігі пәтердің ақшасын алдын ала 100 пайызға төлеп қойған. Кейбірі, ресми тапсырылмаған үйге кіріп те алыпты. "Басқа амалымыз жоқ", дейді олар.

Мен қатты шаршадым. Бәрін өзіміз істеп жатырмыз. Кіріп жатырмыз. Енді анау подвалдың астының бәрі екі метр су. Білмеймін енді. Мына үй ертең отырып қалатын шығар деп қорқамын мен. 4 күн болды көшіп келгенімізге. Потому что енді постоянна квартирада тұру да оңай емес.

Балконы істелінбеген. Ішінде қалай болса, солай чиставая у меня. Ленолумдер қалай болса, солай төселінген. Кесек-кесек.


Құжат бойынша қабылданбаған үйде әр басқан қадамыңыз қауіпті. Күні кеше ғана мұнда ойын жасындағы бір бала тоққа түсіп, күйіп қалыпты.

Тұрар БОЖБАНОВ, ҮЛЕСКЕР:

Ана периланы, жаңағы арматуралар салынған соған, қолын тигізген бала. Соғып, бет аузы көгеріп, бәрі құлап, анда шешесі этажда тұрады. Немелеріміз, балалармыз үшін қорқамыз. Стена жағалап қорқып жүресің.

Жағалаулықтардың жан айқайын жергілікті билік жақсы біледі. Әкімдік өкілі, құрылыс нысанына тағы келіп, мән-жайын тағы түсіндірді. Оның сөзінше, мердігер мекеме есебінен жақында жедел саты сатып алынады. Ал, тұрғын үй құрылысы толық қанды аяқталуы үшін үлескерлердің өзі қимылдауы керек. Олар, тұрғын үй кооперативін құрып, аяқсыз қалдырған компанияға арыздануы тиіс. 

Дәулет ДОСҚҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАНЫ БАҚЫЛАУ МЕН САПА БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үлескерлердің құйған қаржысы қазір банкте жатыр. Шамамен миллиардтаған сома жиналған. Оны өндіріп алу үшін тұрғындарға жұмылып, сотқа арыздану керек. Сонда 2-3 айдың ішінде мәселе реттеледі. Біз осы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізгенбіз. Бұл осы құрылыс нысанында ғана кезедесетін мәселе емес. Басқа үлескерлерге де осындай кеңес береміз.
 
Қалай болғанымен әкімдік өкілінің сөзі өтпегенге ұқсайды. Үлескерлер, "Мемлекет басшысының атына хат жазамыз", деп тарқасты.

А. Мүтәлі