Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың сапасы сын көтермейді

Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың сапасы сын көтермейді

Елордада пайдалануға берілгеніне небәрі 8 ай болған баспананың сапасы сын көтермейді. Қабырғалары жарылып, терезелері шытынай бастаған. Көпқабатты 6 үйде 420 пәтер бар, бір мыңнан астам адам тұрады. Қоныстанған тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүгедек жандар. Айгүл Байқасымова жаңа пәтерін 15 жылдай уақыт күткен. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмапты.

Айгүл БАЙҚАСЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мынау үй құлап жатыр. Құлап жатыр дегенде міне, подъем мына жерден басталып жатыр. Подвалдың ішіне кіріп кетіп жатыр бәрі. Картонный домик уже бәрі шеті анау-мынау быт-шыты шығып жатыр. Алдымызда септик бар, сол септик балансқа келмеген. Ешкім алмаған, застройщик как попало сдавать еткен.


Мәселе мұнынмен шектелмейді. Жыл басында тапсырылған баспананың әлі күнге электр желісі де, суы да бір жүйеге түспеген. 

Наталья БОНДАРЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Суды да дұрыстап бермейді. Бірде салқын, бірде ыстық су ағады. Ешқандай реттеп отырған адам жоқ. Оның үстіне судың, жарықтың есептеуіш құралы да істемейді. Кеше электр желілік компания өкілі келіп, жарықтан ажыратамыз, сіздер 8 ай бойы ақша төлемегенсіздер дейді. Біз оны кімге барып, қайда төлейтінімізді білмейміз, оның үстіне түбіртек те берілмейді.

Пәтердің құрылысына жауапты "Қазстройподряд" компаниясының өкілі кемшіліктерді ертеңнен қалдырмай түзейміз дейді. Ал, электр жүйесіне қатысты сұрақтарды, қалалық тұрғын үй қорына сілтеді.

Бекзат ПАШАЕВ, "ҚАЗСТРОЙПОДРЯД" ЖШС ҚҰРЫЛЫС БАСШЫСЫ:

Біз өз жауапкершілігімізден қашып жатқан жоқпыз. Көрсетілді кемшілітер біз оны орындаймыз. Ертең болмайды бұл нәрселердің бәрі. Благоустройства жөніндегі сұрақтардың бәрі ертең шешіледі 100 пайыз. Уәде беремін. Ертең өзім осы жерде боламын.

Қалалық тұрғын үй қоры өкілі, есептеуіш құралдар бар болғанымен, коммуналды мекемелермен пәтер иелері келісім-шарт жасаспаған деп отыр. Қалай болғанда да тұрғындар 8 айдың шығындарын өтеуге міндетті екенін айтты.

Арманай ҚАБДЕШОВА, ҚАЛАЛЫҚ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Олар қазіргі күнге дейін осы келісім-шартсыз тұрып келеді. Бірақ суды қолданып келеді, энергияны қолданып келеді. Өздерінің осы күнге дейін тұрған қарыздарын олар төлеуге міндетті. Яғни тапсыру қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап.


Базыналы бұқара электр энергиясы үшін әр пәтерге қомақты қаржы келгенін айтып, шырылдады. Сөздеріне қарағанда бір ғана электр жарығы үшін әр қайсысына кемінде жарты миллион теңгелік есеп шот келген. Оны мұндағы әлеуеттің қалтасы әрине көтермейді. Өйткені, бұл баспаналарда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұрып жатыр

А. Данияр