Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодар облысында партиялық бақылау тобы Шарбақты ауданына оттегі концентратын жеткізіп берді

AstanaTV
04.08.2020ж. 20:00
2027
Павлодар облысында партиялық бақылау тобы Шарбақты ауданына оттегі концентратын жеткізіп берді

Павлодар облысындағы Шарбақты ауданына 5 оттегі концентраты жеткізілді. Бұл, «Жаңа Павлодар» қоры көмегімен күні кеше ғана алынған 300 аппараттың бесеуі. Бұл жабдықтар аймақтағы 16 ауруханаға арнап алынған. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанынан құрылған қоғамдық қор осы аппараттардың діттеген жерге жеткізілуін қадағалауда. Аудандық провизорлық орталықта осы күнде 36 науқас ем алып жатыр.

Олег КОСТЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Оттегі концентратының ауданға жеткізілуін бақылауға алдық. Біздің мақсат жіберілген көмектің аудандық және қалалық ауруханаларға жеткенін тексеру. Оттегі концентраттарының барлығы табысталды.


«Nur Otan» партиялық бақылау тобы сондай-ақ жаңа стадион құрылысын өз көздерімен көріп-білді. Бұл алаң аудан орталығында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Нысанға қазынадан 85 млн теңге бөлінген. Құрылыстың алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Қазір стадионға жасанды жабынды төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезеңде 90 орындық зал мен хоккей алаңы және жүгіруге арналған жолақ салынады. Бұл, Шарбақты ауданындағы ең үлкен алғашқы спорт алаңы болмақ.

Рүстем СМАҒҰЛОВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Алаң аумағы жергілікті жердің ерекшелігіне ыңғайланып таңдалды.  Жабындыны төсеу барысында қиыншылықтар болған жоқ. Жұмыс ойдағыдай жүріп жатыр. Жұмысқа осы ауылдан 10 адам қабылданды. Өзіміздің 12 адаммен бірге барлығы 22 адам еңбек етіп жатыр.

Ө. Қуанар