$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысындағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан жапа шеккен екі азаматтың бірі көз жұмды

AstanaTV
07.08.2020ж. 20:00
1939
Алматы облысындағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан жапа шеккен екі азаматтың бірі көз жұмды

Алматы облысындағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан жапа шеккен екі азаматтың бірі көз жұмды. Дәрігерлердің хабарлауынша, денесін 90 пайыз күйік шалған 72 жастағы көлік жүргізушісі ауруханада жан тапсырған. 

Дидар АЙТЖАНОВ, «ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНАРАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дененің 90 пайыз күйік жарақаты ауыр жарақатқа жатады. Өкінішке орай сағат кешкі 8-ге таман қайтыс болды. Қандай да бір маскүнемдік жағдайда ондай белгілері болған жоқ. Ауыр жағдайда бізге жатқызылды реанимацияға.


Естеріңізге салсақ, тамыздың 6-сы сағат 10 шамасында қала сыртындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, «Land Cruiser Prado» маркалы автокөлік газ цистернасына соғылыпты. Бұл тұжырыммен марқұмның туыстары келіспейді. "Бұл жерде тағы бір кінәлінің болуы мүмкін", дейді., Енді олар әлеуметтік желі арқылы жарылысты көзімен көрген куәгерлерді іздестіруде. Осы уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ә. Лесбек